"Алыстап кеттік": Мақпал Исабекова Дильназ Ахмадиевамен неге араласпай кеткенін ашып айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова өнердегі әріптесі әрі жақын құрбысы болған Дильназ Ахмадиевамен неге араласпай кеткенін ашып айтты. Өнер иелерінің достығының аяқталуына не себеп болғанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.
Мақпал Исабекова Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді.
Шоу-бизнес жұлдызы өнердегі әріптесі Дильназ Ахмадиеваға қатысты сауалды да жауапсыз қалдырмады. Ол құрбысымен неге араласпай кеткеніне қатысты пікір білдірді.
"Диля екеуміз ешқашан ұрысқан емеспіз. Өкінішке орай, өмірде мұндай жағдайлар болып тұрады. Адамдар түрлі себептермен бір-бірінен алыстап кетеді. Ол маған істеген жақсылығын ешқашан ұмытпаймын, алғысым шексіз. Мен өзім жеке әнші ретінде шыққанда оның қолдауы ерекше болды. Ол сөзімен ғана емес, ісімен де қолдады. Оның қолдауы мені алып қалды десем де болады. Ол өте жомарт жан. Менің жүрегім әрқашан да оны қолдайды. Бірақ қазір біздің жолымыз екіге айырылды. Бұл уақытша ма, мәңгіге ме білмеймін. Уақыт өзі бәрін реттейді", - деп жазды Исабекова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2190564-alystap-kettik-maqpal-isabekova-dilnaz-ahmadievamen-nege-aralaspai-ketkenin-ashyp-aitty/