Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біреудің қоластына жұмысқа кірдім": блогер Zheka Fatbelly үйлену тойын қарыз алып жасағанын айтты

Жарияланған күні:

Zheka мен сүйіктісі
Zheka мен сүйіктісі. Фото: instagram.com/zheka_fatbelly

Жастар арасында аса танымал блогер Zheka Fatbelly өзі жайлы ешкім білмейтін жайтты ақтарды. Желі жұлдызы өткен жылы дүркіретіп өткізген тойын үлкен қарыз алып жасағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Zheka Fatbelly үйлену тойына қатысты бар шындықты Instagram-дағы парақшасында жария етті. Ол арнайы видео түсіріп, оқырмандарына бір жыл бойы жасырып келген құпиясын ашқан.

Блогер үлкен соммадағы қарызды қайтару үшін тынбай еңбек еткенін жеткізді. Ол тіпті біреудің қоластына жұмысқа кіргенін жасырмады.

" Молданазар ән айтқан кездегі үйлену тойым естеріңізде ме?! Сол тойды қарызға алып жасадым. Осыдан бір ай бұрын ғана тойдың соңғы қарызын жауып тастадым. Есептеңіз, бір жыл екі ай кетті. Мен тіпті біреудің қоластына маркетолог болып жұмысқа орналастым. Елестете аласыз ба? Мен видео түсіретін блогер едім ғой, ал тойдан кейін таңертең кешке дейін жұмыс істей бастадым. Тойдан соң келіншегімнің алдында мақтанғым келді. Бірақ бұның барлығы менің қаржылық сауаттылығымның жоқтығынан болды", - деді блогер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2191280-bireuding-qolastyna-zhumysqa-kirdim-bloger-zheka-fatbelly-uilenu-toiyn-qaryz-alyp-zhasaganyn-aitty/