Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Соғыста жүргендей болдым": Жазира Байырбекова келін болып түскен кезін еске алды

Жарияланған күні:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Видеодан кадр: youtube.com/@momskiy_angime

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова алғаш келін болып түскенде қандай қиындыққа тап болғанын айтты. Өнер иесі тіпті отбасыдан кетпек болғанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова отбасылық өмірі туралы жан сырын "Мамский әңгіме" подкастында ақтарды. Өнер иесі келін болып түскенде алғашқы жылдары өзін соғыста жүргендей сезінгенін айтты.

"Қиын болды. Төркініме қыдырып барып, қайтып келе жатқанда пойыздан Арал көріне бастағанда жүрегім соғысқа кіріп жатқандай тарсылдап соғатын. Сол жақта жүру маған соғыстай жүргендей болды. Ол жерде ешкім соғысып жатқан жоқ. Бірақ қаталдықты көрмегенмін ғой. Солай күйзелісте болдым. Бірақ олардың болмысы сондай еді. Оларды да кінәлай алмаймын. Қиын болғаны рас. 2 жылда 20 келі тастап келгенім бар", - деді өнер иесі.

Сонымен қатар эстрада жұлдызы отбасында келіспеушіліктер орын алып, салдарынан өз үйіне кетпек болғанын жасырмады.

"Арасында мен "Болды, кетемін" деген кез болды. Баламды алып, бәріміз пойызға отырдық. Жолда 2 сағат бойы ойланып келдім. "Қазір үйге қалай кіремін? Әке-шешемнің көңілі түсетін болды ғой. Қай бетіммен барамын? Өзім тауып, ғашық болып таңдаған күйеуім ғой" деп ойладым. Аралдан Қазалыға жетер кезде "Апа, үйге қайтайықшы, осы жерден түсіп қалайықшы" дедім. Апам баланы қолға алып, "уф" деді. "Сен Жанболатқа сенбе, өзің көнемін десең түсеміз" деді. Сол кезде түсіп, қайтадан үйге қайттық. Сол барғаннан қалдым. Бірақ сол күннен кейін көп нірсе өзгерді. Мен басылдым, еркелігімді қойдым", - деді Байырбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2191965-sogysta-zhurgendei-boldym-zhazira-baiyrbekova-kelin-bolyp-tusken-kezin-eske-aldy/