"Ортақ шешім": актриса Әсел Сәдуақасова күйеуімен ажырасып кеткенін растады
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актриса Әсел Сәдуақасова өзінен 7 жас кіші күйеуімен ресми түрде ажырасып кеткенін растады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Өнер иесі бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Актриса оқырмандарының күдігін растап, күйеуі Мағжан Тлеухановпен қазан айында ресми түрде ажырасып кеткенін айтты.
"Бүгін жеке өміріме қатысты шындықты айтатын уақыт келді. Сіздердің күдіктеріңіз расталды. 4 қазанда біз ресми түрде ажырастық", – деп жазды ол.
Әсел Сәдуақасова жолдасы екеуі жақсы дос бола білгенімен, отбасы ретінде тіл табыса алмағанын жеткізді.
"Бұл ортақ шешім болды. Ешкім ешкімді тастап кеткен жоқ, бұл шешімге дейінгі әр қадамды жақсылап ойланып, бірге қабылдадық. Бірден айтайын. Мағжан маған жақын адам болды және болып қала береді. Мен оған бәрін ашық айта алатынмын, сендім және біз бір-бірімізге ең жақын адам болдық, бірақ біз отбасы ретінде ортақ тіл табыса алмадық", - деді актриса.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2193554-ortaq-sheshim-aktrisa-asel-saduaqasova-kuieuimen-azhyrasyp-ketkenin-rastady/