Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мінез көрсетіп жүр": Жұлдыз Әбдікәрімова жазбасымен елді таңғалдырды

Жарияланған күні:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде бала тәрбиесі туралы сөз қозғап, әр перзентін сипаттап берді. Сөзінше, соңғы кезде үлкен ұлы Нарұл мінез көрсетіп жүр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының мінезіндегі өзгерістері туралы Instagram-дағы парақшасында айтты. Қайрат Нұртастың келіншегі үлкен ұлы Нарұлдың әпкесіне үйге достарын шақыруға рұқсат бермей қойғанын жеткізді.

"Мына жігіт мінез көрсетіп жүр. Жексенбі Алау достарын үйге шақыруға рұқсат сұраған. Нарұл бірден тізім талап етті. "Тек құрбыларыңа ғана рұқсат. Ұлдарды кіргізе алмаймын. Себебі мен үйде болмаймын" деп кесіп айтты. Алау бұлқан-талқан болып, маған қайта-қайта жалтақтады. Менен үн шықпағасын, інісінің талабына көнуден басқа шарасы қалмады", - деп жазды актриса. 

Оған қоса өнер иесі қызы Сезім мен кенжесі Хан туралы да айтты.

"Сезім – бөлек әлем. Айтатын әңгімесі тым ауқымды. Мысалы, кеше сені не мазалайды деп сұрағанда, жауабы былай болды: "Еліміздегі жасөспірімдер өлімінің статистикасы қорқынышты", "Балаларға арналған контент жоқ. Бәсеке жоқ", "ЖОО-ның беретін білімі сапалы болуы керек әрі студенттерге жағдай жасалғаны жөн" деді. Ал Ханның даналығы да, балалығы да мөлшермен болғаны ұнайды", - деп жазды ол.

Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i
Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i. Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2195154-minez-korsetip-zhur-zhuldyz-abdikarimova-zhazbasymen-eldi-tanggaldyrdy/