Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сырттан келген адам қыз ұзатпайды": Тамара Асар әншілердің қыз ұзатуына байланысты ойын айтты

Жарияланған күні:

Тамара Асар
Тамара Асар. Фото: instagram/tamara_assar_official

Қазақ эстрадасындағы белгілі әнші Тамара Асар журналист Дина Төлепбергенге берген сұқбатында "қызды кім ұзатуы керек" деген сұраққа жауап берді. Өнер иесі бұған қатысты ойын журналистің Youtube-тегі арнасында "Din Dina Show" жобасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Журналистің сөзінше, бізде қызды ұзататын әншіні тағдырына қарап таңдап жатады. Дина Төлепберген әншіге "қазақта қызды ұзататын адамды қалай таңдаған дұрыс?" деп сұрақ қойды.

"Қазақ – өте ырымшыл. Қазақтың қызын ұзататын әнші емес, қазақтың қызын ұзататын – екі жағында тұратын, қолтық сүйеген жеңгелері. Жеңгелері дұрыс болуы керек. Әнші тек сол жүрісіне байланысты ән орындайтын адам. Ол тек әнін орындап, екі қолын екі жеңгесіне беріп кетеді. Сондықтан қай әнші, қай әншінің әні ұнайды, соны ғана таңдау керек. Әншінің тағдырын емес", - дейді Тамара Асар.

Айта кетейік, осы сұқбатта қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тамара Асар 2018 жылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелдер қауымы өкілдерімен өткізген "Көктем шуағы" атты кездесуінде неге жылап қалғанын түсіндірді. Өнер иесі саясаткердің көзінен жалғыздықты сезгенін жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2195264-syrttan-kelgen-adam-qyz-uzatpaidy-tamara-asar-qyz-uzatuga-bailanysty-oiyn-aitty/