Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі бітті": Меруерт Түсіпбаева жеке өмірі туралы жан сырын ақтарды

Жарияланған күні:

Меруерт Түсіпбаева
Меруерт Түсіпбаева. Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева желіде әсерлі жазба жариялап, жеке өміріндегі жаңалығын жария етті. Өнер иесі махаббатымен қоштасқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева жеке өміріндегі өзгерістерді Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Әнші сүйіктісімен айырылысып кеткенін айтып, оқырмандарына жан сырын ақтарды.

Өнер иесі тіпті махаббатымен қалай қоштасқанын көрсетті. Ол өміріндегі қиын кезеңде студияға барып, махаббат туралы ән жаздырған.

"Жаратқаннан жалбарынып шын сұрасаң лаулаған сезіміңе де тосқауыл қоюға болады екен. Бәрі бітті. Сонша уақытымның бос кеткеніне өкінбеймін. Бұл менің тағдырым. Осындай сезім болмаса, мұнша ән жарыққа шықпас еді. Барлық әндерім ол туралы болды. Мына өлеңді 10 минутта жазып шықтық", - деп жазды Түсіпбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2202663-bari-bitti-meruert-tusipbaeva-zheke-omiri-turaly-zhan-syryn-aqtardy/