Бүркіт пен Аиша тағы да сәбилі болатынын жария етті (видео)
Жарияланған күні:
Отандық шоу-бизнестің жарасымды жұптардың бірі Бүркіт пен Аиша жақында тағы да балалы болатынын хабарлады. Ерлі-зайыпты желідегілердің болжамын растап, төртінші сәбиін күтіп жүргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл қуанышты жаңалығын әнші Instagram-дағы парақшасы арқылы жеткізді. Жұлдызды әке отбасымен Балидегі демалыстан видео жариялап, оның астына ерекше жазба қалдырды.
"Әйеліңнің аяғы ауыр кезде бар қалауын орындайсың", - деп жазды Бүркіт.
Желі қолданушылары ерлі-зайыпты үшін қуанып, оларға жылы лебізін жарыса жазды.
Айта кетейік, Бүркіт пен Аиша бүгінде үш баланы тәрбиелеп отыр. Кенже қызы Сафия 6 жаста. Әншілердің Омар және Зейін есімді қос ұлы бар. Өнер иелерінің отау құрғанына 15 жыл болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2210910-burkit-pen-aisha-tagy-da-balaly-bolatynyn-zhariia-etti-video/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде