Қазақ әншілерінің тойдағы табысы анықталды
Жарияланған күні:
31 арна тілшілері шоу-бизнес жұлдыздарының той-бизнесі қалай өтіп жатқандығын анықтады.
Бүгінде қазақ тойының сәніне айналған "Қызыл өріктің" орындаушысы Ақылбек Жеменей бір тойда өнер көрсеткені үшін 5 мың доллардың ар жақ-бер жағын аламын дейді.
Айтуынша, ән шыққалы соңғы 4-5 айдың ішінде ұялы телефонына дамыл жоқ. Шақыртулар көп түсуде. Мұндай жұмыс кестесіне ол үйренбегенін жасырмайды.
Тіпті, әріптесі Нұрлан Еспановтың Тараздағы әпкесі "Қызыл өрікке" 20 рет билеп, аяғы ісіп, үйде жатқан жайы бар екен. Енді Нұрлан Ақылбекке "Өзің барып емдемесең болмайды", - деп қалжыңдайды.
Ал бір кездері тойдың ажарына айналған "Ақ маржанның" авторы Заттыбек Көпболсынұлы нәпақасының көлемін ашып айтпады. "Саудаласпаймын" деп бір-ақ кесті.
Белгілі отандық бойз-бэнд "Орда" Алматының тойына 5000 доллар, ал сыртқа шықса - 6000 доллар сұрайтындарын айтты.
"Жалғыз аққу", той хиты "Қызың болсын моншақты, ұлың болсын он шақты" әндерінің орындаушысы Ерлан Орынбасаров бір тойда өнер көрсеткені үшін 1000 доллар алатынын жасырмады.
Әнші, жүргізуші, сазгер Нұрлан Еспанов тойда табатын қаржысының көлемін "Көз тиіп қаладыны" сылтауратып айтпады.
Жас әнші Сырым Исабаев бір тойға кіргені үшін 2500-3000 доллар алады екен.
Жалпы, арна тілшілерінің той жасаған қазақтар арасында жүргізген сауалнамасының нәтижесінде жұлдыздардың тойдағы нәпақасы төменгідей екен:
Роза Рымбаева 5 әні үшін - 3000 доллар
"Музарт" тобы - 5000 доллар
Қайрат Нұртас - 5000 доллар
"Орда" тобы - 5000-6000 доллар
Ақылбек Жеменей - 2000-5000 доллар
Мақсат Базарбаев - 1000 доллар
Ал Бүркіт тойға барғаны үшін 450-500 мың теңгеден, Алматыдан тыс жерлер үшін 700 мың теңгеден артық ақша сұрайтынын хабарлады. Сонымен қатар ол 20 адамды жұмыспен қамтитын автокөлік жуу орны мен көлік жүргізуді үйрететін мектептің иесі екенін мәлімдеді. Дегенмен Бүркіттің айтуынша, ең басты қаржы көзі өнер екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/241182-kazak-enshilerinin-tojdagy-tabysy-anyktaldy/