Отандық жұлдыздардың қайсысы қайырымдылықпен айналысады? (видео)
Жарияланған күні:
Кез-келген бейнебаянын көрсең ашық - шашық киіммен жеңілтек қыздардың бейнесін сомдайтын Лидоны қайырымды жан деп ешкім есептемейді. Бүгінде біресе әншілік енді біресе дизайнер болып танылған өнер иесі жақында атақты дизайнерлердің қолынан шыққан аяқ киімдерін әлеуметтік желіге жариялады.
Лидо соңғы уақытта ән айтудан шаршады ма кім білсін, екі баланың анасы сауда - саттықпен айналысып кетті. Шүберекке ақшасын аямайтын әнші саудадан түскен табысының кейбір бөліктерін науқас балалардың ем - домына аударады екен.
Қайырымдылық шарасын әнші осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырып келеді. Өткен жылы бірыңғай әшекей - бұйымдарын сатып одан түскен бар қаржыны науқас балаларға аударса, биыл аяқ - киімдерінен түскен тиын - тебеңді бес жастағы қыздың Америка елінде ота жасауына аударған.
Ал әнші Бақыт Шадаева болса күнде балалар үйіне кеш ұйымдастырады екен. Бүгінде әнші Астанадан Алматыға қоныс аударған. Қызметіне байланысты.
Дегенмен қайырымдылық жасау үшін отандық жұлдыздар қандай құрбандыққа барады десеңізші? Тіпті Айгүл Иманбаева бастап, Луина, Ділнәз, Динара Сатжан қостаған теле және өнер жұлдыздары сұрқия әйелдердің бейнесіне енген.
2015 жылдың күнтізбеден түскен табысты қайырымдылық шараларға жұмсайтын көрінеді. Автордың айтуынша, танымал тұлғалардың ерекше образдары көрермен мен сатып алушыларды көптеп тартатын көрінеді. Бес мың данамен шығатын 12 танымал әйелдің күнтізбедегі бейнелерінің әрқайсысы 5 мың теңгеден саудаланатын болады.
Ал Халық әртісі Роза Рымбаева қайырымды жан екенін жарияламайды. Қатты ұялатын сияқты. Сондықтан эстрада жұлдызын ешкім қайырымды жандардың қатарына қоспайды.
Жақында әнші "Сезім" атты бейнеклипін түсіріп бітті. Жұмсалған қаржы бір миллион теңгеден асады. Өздерін жарнамалау үшін әртістер ештеңеден аянып қалмайтыны анық. Ал қайырымдылық жасауға келгенде біраз абдырап қалатындарын жасыруға болмас.
Жыл сайын Майра Ілиясова "Жан анам" атты авторлық кешінен түскен қаржысының 5-8 мың долларын қайырымдылық көмек ретінде науқас балаларға аударып отыруды әдетке айналдырған.
Дегенмен әлемдегі танымал жұлдыздардың көпшілігі қайырымдылық шараларын көптеп жасау арқылы көзге түсетіндері белгілі. Мәселен атақты Голливуд жұлдыздары Анжелина Джоли мен Бред Пит табыстарының 25 пайызын жетім балаларға үй салып беруге жұмсаса, Ал Мадонна Африкада СПИД ауруына шалдыққан балалардың еміне қаржы аударып отырады екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/341770-otandyk-zhyldyzdardyn-kajsysy-kajyrymdylykpen-ajnalysady-video/