Достығы жарасқан жұлдыздар (фото)
Жарияланған күні:
Әдетте шоу-бизнес әлеміндегі жұлдыздардың арасында достықтан гөрі қызғаныш, аяқтан шалу басым болады деп жатады. "Алаш айнасы" достықтары жарасқан, өнерде де, өмірде де бір-біріне тілеулес жұлдыздарды назарларыңызға ұсынып отыр.
"100 теңгең болғанша жүз досың болсын" дегенді берік ұстанған әншілердің бірі Роза Әлқожа. Халықтың ерекше ықыласына бөленген сүйкімді әнші, батыр ана Розаның досы өте көп екен. Дегенмен көп досының ішінде әншінің жанына жақын тартатын ерекше жандар бар. Роза қазақ эстрадасында орны бөлек байсалды әнші Еркін Нұржановпен ерекше дос. Олар тіпті отбасымен араласады.
Еркін мен оның жұбайы Динара Роза мен Айдынның баласы Еларыстың кіндік ата-анасы. Сондай-ақ, Роза белгілі әнші Саят Медеуовпен қазақтың салты бойынша жілік ұстасқан ағайындас. Яғни, Саят Роза үшін өнердегі ғана емес, өмірдегі етжақын ағасы.
Нәзікжанды болса да ермінезді Роза тек ер-азаматтармен дос екен деп ойлап қалмаңыздар. Өнердегі қыз-келіншектердің ішінде де Розаның достары көпшілік. Әсіресе аты алты алашқа мәлім ақын Ақмарал Леубаеваның достығы талайға үлгі. Олар бір-бірімен смс арқылы өлең жазысып сырласатын жан достар.
Кәсіби әнші ретінде біршама белестерді бағындырған, әйел ретінде өмірге 4 бірдей айдай сұлу ару қыздарды дүниеге әкелген Алтынай Жорабаеваның досы кім десеңіз айтайық. Ол өмірде де, өнерде де жұптары жарасқан Жазира мен Жанболатты жан дос тұтады. Олар отбасымен араласады. Айтпақшы, Алтынай Жорабаева Айгүл Иманбаевамен де жақсы аралсады. Олардың арасында қызғаныш жоқ, аздаған бәсекелестік болмаса...
Еліміздегі шоу-бизнестің көш басында тұрған білікті продюсер Баян Есентаеваның тік мінезіне қарап досы жоқ адамдай көрінеді. Алайда Баянның досы бар екен. Ол - белгілі тележүргізуші Мадина Балғабаева. Олардың жұбы студенттік кезден жазылмаған екен. Баян тіпті Мәдина тұрмысқа шыққанда қыз жолдас та болыпты.
Роза Рымбаева мен Толқын Забированың достығы ерекше. Толқын бір жағынан Роза Қуанышқызының шәкірті, екіншіден сырлас досы. Олар да бала-шағаларымен, отбасымен араласады.
Мәдина Сәдуақасова мен Қарақат Әбілдина сынды қазақтың сұлу келіншектері, әдемі әншілердің достығы да әдемі. "Ал құрбым" деп бірге ән шырқайтын әншілер қашанда бір-біріне тілеулес.
Ақбота Керімбекова мен Хадиша Сейітова бір-біріне табиғаты жақын жан достар. Бірінің үйінде бірі өз үйінде жүргендей сезінетін, үнемі жұптары жазылмайтын Ақбота мен Хадишаның достығы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді.
Сондай-ақ Ақбота өзінің өнердегі құрбыларының ішінде ерекше жақын тартатын әнші - Индира Расылхан.
Мақпал Исабекова мен Ділназ Ахмадиеваның түрлері де, әндері де, стилдьдері де бір-біріне ұқсайды. Олардың ұқсастығы тек сырт бейнелерінде ғана емес, ішкі жан-дүниелері де бір-біріне жақын. Олар дос, сырлас.
Мақпал мен Ділназ бірігіп бейнеклип те түсірген болатын. Олар алғаш рет Эрик Тастанбековтың студиясында танысты, одан кейін бірге Юрмалаға барды. Бірін-бірі жақын біліскеннен кейін таныстықтары достыққа ұласты. Қазіргі таңда Ділназ Мақпалды өзінің кіші сіңілісіндей көтретінін айтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/363115-dostygy-zharaskan-zhyldyzdar-foto/