Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы танымал үлгілі отбасылар (фото)

Жарияланған күні:

Қоғам арасында сый-құрметке ие, ел аузында жүрген танымал қазақстандықтардың арасында берік отбасы иелері атанып отырғандары баршылық. Үлгі болуға тұрарлық жанұя құрып отырған үздік жұлдызды отбасыларды назарларыңызға ұсынамыз.

Виктория мен Марат Момынбаевтар

Балалары: Игорь (20 жаста), Әмір (15 жаста), Жанмарат (14 жаста), Арман (13 жаста), Әлем (11 жаста), Марсель (5 жаста).

Виктория күнде таңғы 6:45-те оянып, балаларын мектепке шығарып салады. Кейіннен түскі ас әзірлеп, өз жұмыстарына кіріседі екен. Алты баланың анасы барлық шаруасына үлгеріп, әр уақытын тиімді жұмсауға тырысатынын айтты.

Ол балаларына тәрбие берумен қатар, түрлі іс-шаралардан да қалыс қалмайды екен. 20 жастағы үлкен ұлы Женевадағы халықаралық университетте білім алады. Тағы бір ұлы да Женевадағы College du Leman оқу орнында білімін шыңдауда.

Ал үш кіші ұлдары "Мирас" мектебінде оқиды. Кіші қызы британдық Hailey Berry мектебінде 5 жасынан бері білім алады.

Виктория өзінің балаларын қашан да мақтан тұтатынын жасырмайды.

Есентаевтар отбасы

Балалары: Айсәуле (19 жаста), Айару (11 жаста).

"Мен жұмысбасты болғасын, бар уақытымды балаларыма арнап жүрмін деп айта алмаймын. Бірақ аптадағы бір күнімді міндетті түрде отбасыма арнаймын. Біз қыдырып, қонаққа барамыз. Айсәуле, Айару есімдерін қыздарыма әкем берді. Бар мәселені ата-аналарымыздың ақылын тыңдап, шешуге тырысамыз", - дейді Баян.

Баян күйеуінің балаларын барынша еркелететінін жасырмады. Үлкен қызы Айсәуле бүгінде Біріккен Араб Әмірлігінде халықаралық журналистика мамандығын игеруде.

Ал кіші қызы Айару тәттілер пісірумен әуестеніп, музыкаға да қызығушылық танытуда.

"Кіші қызым еркелеткенді жақсы көреді. Мен күніне кемінде бір сағат оны құшағыма алып, аялап отырамын. Ол сүйіспеншілікті жақсы көретін жан. Біздің үйімізді шуақтандырып тұратын күніміз... Ол болашақта өзінің жеке наубайханасын ашқысы келеді. Айарудың рецептісімен пісірілген бәліштерді Central кофеханасынан дәм тата аласыздар", - дейді Баян.

Дәуіт Шайхисламов пен Дана Орманбаева

Балалары: Бексұлтан (21 жаста), Исламбек (19 жаста), Шарлиз (8 жаста), Дилан (4 жаста).

Дана да әр таңын балаларын мектепке шығарып салумен бастайды. Үлкен ұлы университетті бітіріп, бүгінде жұмыс тауып та үлгерген. Ал ортаншы баласы дарынды балаларға арналған "Кеңес" мектебінде білім алады.

"Бекс өте ақылды, қашан да көтеріңкі көңіл-күйде жүретін тиянақты жан. Исламбек ұқыпты, жайдарлы, ал Шарлиз дарынды, әділ мінезімен ерекшеленеді. Дилан да өте ақылды, әр уақыт көңілді жүреді. Ең бастысы олар бір-бірімен қашан да тату", - дейді 4 баланың анасы.

Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов

Балалары: Бекболат (14 жаста), Иман-әлі (6 жаста), Нұрәлі (5 жаста), Айсұлтан (2 жаста).

Қарақаттың үлкен ұлы қазақ-түрік лицейінде оқиды. "Астана 1964"футбол клубына кіріп, футболға үлкен қызығушылық танытуда.

Иман-әлі болса, бірінші сыныпқа енді аяқ басты. Шахмат пен домбыраға әуестенеді. Ал Нұрәлі балабақшаға барып жүр. Ең кіші ұлы жақында ғана екіге толды.

"Қыдырәлі балаларына еш уақытта дауыс көтермейді, әр жұма сайын олармен жұма намазға барады. Біз баланы 5 жасқа дейін барынша еркелетіп, кейін аздап қаталдау болу керек деп есептейміз", - дейді Қарақат.

Ерлан мен Гүлшат Нұрпейісовтер

Балалары: Снежана (30 жаста), Досан (27 жаста), Данат (21 жаста), Санжар (18 жаста), Ғайни (15 жаста), Даяна (7 жаста), Дарий (5 жаста).

"Біздің отбасымыз үлкен. Үлкен қызымыз Снежана екі баласымен және күйеуімен Челябинскіде тұрып жатыр. Үлкен ұлымыз Алматыда жұмыс істейді. Төрт ұлымыз Санжар, Ғайни, Даяна және Дарий бізбен бірге тұруда. Санжар сноубордқа қызығады, Ғайни би мен вокалға әуестенеді. Қазір режиссерлік шеберлік курстарын тәмамдап, өз сценарийлерімен роликтер түсіруде. Кіші ұлдарымыз Даяна мен Дарий туылғанына 40 күн бола салысымен жүзуді үйреніп алды", - дейді Ерлан.

Салтанат Қалиева мен Бағдат Қожахметов

18 жасында тұрмысқа шыққан Салтанаттың бүгінде бес баласы бар. Үш қызы мен екі кіші ұлдары бар. Салтанат дарынды әртіс, диктор және продюссер. Оның күйеуі Бағдат Қожахметов "31 арнаның" бас директоры.

"Алтыншы баланы дүниеге әкелу мәселесіне келетін болсақ, мен бұрынғыдай физикалық тұрғыдан мықтымын деп есептемеймін. Бес баланың өзі де жеткілікті. Ең бастысы саны емес сапасы деп есептеймін", - дейді Қалиева.

Роза Әліқожа мен Айдын Қаба

Роза Әліқожа жұбайы Айдын Қабамен Бейбарыс, Жанарыс, Еларыс, Ақбота есімді төрт балаларды тәрбиелеп, ақпан айында тағы бір қызды дүниеге әкелді. Бес баланың анасы кезінде отбасы жайлы ойымен бөлісіп, vkototy.wordpress.com блогына сұхбат берген еді.

"Әрине, табиғи талант болғаннан кейін, оны әрі қарай іліп әкету әр адамның өз қолында. Отбасы тірлігінен шыға алмай қалсаң, өнерің ақсап қалады деген сияқты. Танымалдылыққа да тигізер әсері бар. Дегенмен де, екеуін қатар алып жүре, «көштен қалып жатырмыз» деп айта алмаймын, жоспарларым бәрі өз ретімен орындалып жатыр", - дейді әнші.

Индира Расылхан мен Асқар

"Ақ қайыңмен сырласып", "Жапырақ жүрек жас қайың" әнін орындаумен талайға танымал болған әнші Индира Расылхан 2012 жылы үш ұлдан кейін дүниеге төртінші нәрестесін әкелді.

Төрт баланың анасы өнер саласын қатар алып жүруіне қарсылық білдірмей, қашан да қасынан табылып жүрген Асқар есімді жолдасына алғысы шексіз екенін де жасырмайды.

Алтынай Жорабаева мен Сәбит Әбдіхалықов

Қазақ экстрадасында "Батыр ана" атанып жүрген Алтынай Жорабаева бүгінде 4 қыздың анасы. Әнші Сәбит Әбдіхалықовқа тұрмысқа шыққан.

Сәбит Әбдіхалықов – кино индустриясын тың туындыларымен толықтырып жүрген режиссер. Оның комедия жанрындағы "Ханталапай", "Несиеге махаббат" фильмдері көзіқарақты көрерменнің оң  бағасын алды.

Нұржан Сұбханбердин мен Жанна Сұбханбердина

Нұржан Сұбханбердин - жазушы Сәлкен Сұбханбердиннің ұлы. Оның мүлкі $950 млн-ға бағаланып, Forbes Kazakhstan журналының рейтингінде ең қалталы 50 азаматтың тізіміне енген.

Central Asian Industrial Holdings N.V. (CAIH) компаниясының негізін қалаған кәсіпкер бүгінде 9 бала тәрбиелеп отыр. Жұбайы Жанна Сұбханбердина болса, Fidelity фитнес желісінің иесі.

Зағипа Балиева мен Мұхтар Балиев

Парламент мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева 6 баланың анасы. Жолдасы Мұхтар Балиевпен Данияр, Ернар, Алияр, Нұрсұлтан есімді төрт ұл және Альдара-Бегім, Дария-Бегім есімді екі қыз тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/832840-qazaqstanda-tanymal-kopbalaly-otbas/