Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғаламторда Сәбит пен Алтынайдың отау құрған күні түсірілген видео пайда болды (видео)

Жарияланған күні:

Ғаламторда Сәбит пен Алтынайдың отау құрған күні түсірілген видео пайда болды деп хабарлайды Baistars.kz сайты.

Осы орайда сайт видеоны оқырман назарына ұсына отырып, бақытты отбасы жайлы мынандай деректермен бөліседі.

Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар жұлдызды жұп – Сәбит Әбдіхалықов пен Алтынай Жорабаеваның отау құрғанына бірнеше жыл болды.

2001 жылы Алтынай «Азия дауысы» байқауының лауреаты атанған және осы кезде болашақ жарымен танысқан. Көп ұзамай қос ғашық отбасын құрған.

Бүгінде Сәбит пен қазақ эстрадасында «Батыр ана» атанып жүрген Алтынай  Аяулым, Айнара, Семанұр, Көркем есімді 4 қызды тәрбиелеп отырған үлгілі отбасылардың бірі.

Әнші өзін бақытты әйел санайды. Бірде баспасөз бетіне берген бір сұхбатында осы жайлы баяндаған болатын.

«Мен ешкімнің өміріне қызықпаймын. Өйткені өз өмірім бәрінен қызық. Шаттыққа бөленген отбасым, өмірімді жалғастыратын бала-шағам бар. Ендеше, мен неге өзгенің өміріне қызығуым керек?! Алла көп көрмесін, мен бақытқа бөленген әйелмін», — дейді.

Сондай-ақ, «Сәбит қанша жерден эмоцияның адамы болғанымен, отбасы мәселесіне келгенде ерекше мейірімді»,- деп жарының мінезін де жасырмайды.

Өз кезегінде Сәбит Алтынайды алғаш көргенде оның таланты мен даусына қызыққанын және бүгінде ол балаларына, үй шаруасына ұқыпты, жауапты әйел екенін айтады.

Сәбит Әбдіхалықов кино индустриясын тың туындыларымен толықтырып, дамуына өз үлесін қосқан  режиссер. Оның комедия жанрындағы «Қанталапай», «Несиеге махаббат» фильмдері  көрерменнің оң  бағасын алды. Сонымен қатар біраз жыл «Тамаша», «Бауыржан шоу» «Мафия мен Тақия» театрларында өнер көрсеткен актер.

Қазір Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының  басшысы. Ал аяулы жары  әсем әндерімен халықтың көңілінен шығып жүрген  талантты әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/836336-ghalamtorda-sabit-pen-altynaydynh-otau/