Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзге ұлт өкілдері жаппай қазақ тілін үйреніп жатыр (фото)

Жарияланған күні:

Елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері жаппай қазақ тілін үйреніп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Максим, орыс

Максимнің қазақ тіліне деген қызығушылығы мектеп жасынан бастап оянған. Ол қазақ тілінен түрлі олимпиадаларға қатысып жүрген.

Бүгінде Максим қазақ тілінде еркін сөйлейді. Ол тілді үйрену үшін бар жағдай барын, өзгелермен тәжірибе жүзінде қазақшаңды дамытуға керемет мүмкіндік барын алға тартты. Максимнің ата-бабаларынан қазақ жоқ болса да, әжесі де қазақ тілінен құрметті мұғалім атанған.

Латина, ұйғыр

Латина Сатарова ұйғыр отбасында дүниеге келген. Дегенмен анасы оны жастайынан қазақ тіліне баулыған.

«Қазақ тілін балалар бақшасынан үйрене бастадым. Ол бақшадағы балалардан маған қазақша үйретуін сұраған. Алайда, керісінше мен оларды орысшаға үйретіп тастадым. Мектепте және үйде үйретуші жалдап қазақ тілін меңгердім», - деп есіне алды Латина.

Анасы Латинаға қазақ тілі өзге тілдерден әлдеқайда маңыздырақ екенін түсіндірген. Ақыры бойжеткен қазаққа тұрмысқа шығып, нағыз қазақтілді ортаға тап болды. Өзі қазақ тілін әлі толық меңгере алмаса да, ұлының таза қазақша сөйлетінін мақтанышпен айтады.

Наталья, орыс

Танымал тележүргізуші Наталья Райм да қазақ тілін мектеп қабырғасынан бастап үйренген. Ол тілді меңгеруіне көп үлес қосқан мұғалімі Баес Үмбетұлына алғысын жаудыруда.

Мектептен кейін қазақ тілі жайына қалғанымен, «31 арнадағы» қызметі кезінде тілді жетік меңгеру мәселесі алдынан шыққан.

«Жаңалықтарды екі тілде біріктіріп жүргізу кезінде қазақ тілін меңгеру қажет екенін түсіндім», - деп есіне алды Наталья.

Үшінші баласына жүкті болып, декреттік демалысқа шыққан Райм қазақ тілін үйренуге бар күшін салады. Тіпті ұлын да тілді меңгеруге бағыттайды.

«Балалармен үйде тым құрымаса бір сағат қазақ тілінде сөйлеуге тырыстым. Балалар үшін бұл ойын секілді көрініп, көңілдерінен шықты. Күйеуіммен білімімізді тексеріп отырдық», - дейді Наталья.

Бүгінде ол әріптестері қазақ тілінде жиын ұйымдастырған сәтте олардың талқылауларының 70 пайызын түсініп отыратынына қуанышты. Райм қазақшасын әлі де жақсарта түспек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1062529-ozge-ult-okilderi-zhappay-qazaq-tilin-u/