Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде балабақша тәрбиешісі бүлдіршіннің денесін шымшып, көгертіп қойған

Жарияланған күні:

Ақтөбеде балабақша тәрбиешісі бүлдіршіннің денесін шымшып, көгертіп қойған. Уақытша жұмыстан босаған күдікті тәрбиеші полиция қызметкерлеріне түсініктеме беріп жатыр деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі.

Ақерке Жұламанова 5 жасар баласының оң жақ бүйірінің көгергенін 4 –наурыз күні көрген. Баласынан сұрағанда апайының шымшып алғанын айтады.

«Ұлым Батырхан «Фариза апай шымшып алды» дегенде шошып кеттім. Неге балама қол жұмсауларына жол беруім керек, арыздандым», - дейді Ақерке Жұламанова.

Ақтөбелік тұрғын баласының «Сымбат» жеке мектебіне қарасты «Әсем» балабақшасына баратынын айтады. Балабақша жеке болғанымен, денесі көгерген бүлдіршін бюджеттік топта тәрбиеленген. Бірақ анасы тәрбиеші жазасыз қала ма деп алаңдайды. Айтуынша, балабақша меңгеруші ашуынан қайтару үшін барын салып жатқанға ұқсайды.

«Ондай адам балалармен жұмыс істемеу керек, оның жұмыстан босатылуын талап етемін. Құқық қорғау қызметкерлеріне де арыз жаздым. Жағдай жабулы қазан күйінде қалмас үшін БАҚ-тың көмегіне жүгініп отырмын»,- дейді Жұламанова.

Балабақша меңгерушісі ата-ана шағым түсірген тәрбиешінің уақытша жұмыстан босатылғанын айтады.

«Ол кісі шағымын қалалық білім бөліміне тастаған. Білім бөлімінен 9 наурыз күні хабар келді. Жұламанова арызын полиция бөліміне де жазған. Тергеу жұмыстарының жүруіне байланысты тәрбиеші уақытша жұмыстан босатылды. Енді қалған жұмысты полиция тәрбиешімен жасайтын болады. Тәрбиешінің өзі ұрған жоқпын дейді, яғни ұрмаған», - дейді Әсем балабақшасының меңгерушісі Ботагөз Жақсылық.

Тергеу жұмыстары жүріп жатыр дегеніне қарамастан, балабақша меңгерушісі тәрбиешісіне шаң жуытпай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1073904-aqtobede-balabaqsha-tarbieshisi-buldi/