Актер Асылхан Төлеповті желі қолданушылары депутаттық мандатымен құттықтап жатыр
Жарияланған күні:
Өнердегі әріптестері мен әлеуметтік желі қолданушылары актер Асылхан Төлеповті мәслихат депутаты атануымен құттықтап жатыр.
Ол Алматы қаласы Наурызбай ауданының мәслихат депутаттығына "Нұр Отан" партиясының атынан үміткер ретінде тіркелген еді.
"Құтты болсын депутаттығыңыз, Асылхан! Шын жүректен қуанып отырмын. 23 жаста осындай жетістіктерге жету əркімнің қолынан келе бермейді! Өте қуаныштымын, енді халыққа адал қызмет етіп, барлық айтылған сындарға өздері ұялатындай жауап қайтарыңыз!", - деп жазды желі қолданушысының бірі.
Асылханның тағы бір көрермені өз тілегін былай деп жеткізді.
"Асылхан аға депутаттығыңыз құтты болсын! Алда Наурызбай ауданының тұрғындары сізге дауыс бергеніне мақтан тұтатындай биiк белестерден көріңіз, сізге табыс тілеймін! "Нұр Отан алға! Асылхан аға алға! Сізбен бірге Наурызбай ауданы көркейетініне сенімдімін", - деп жазды guldanasaparaly есімді қолданушы.
"Құтты болсын! Халқының қамын ойлайтын депутат бол. Жас болсаң да, бас бола біл. Өзің ойнаған Жау жүрек мың баладағыдай", - деп жазды тағы бір қолданушы.
Актерге әнші Нұржан Керменбаев та өз құттықтауын жеткізді.
"Асылхан Төлепов бауырымызды жеңісімен құттықтап қояйық, Қазақ елі!", - деп жазды әнші өзінің желідегі парақшасына
Еске сала кетсек, актер сайлау алды бағдарламасында: "Биылғы Тәуелсiздiктiң 25 жылдығы - мемлекеттiгiмiздiң өсiп-өркендеп, нығаюындағы аса маңызды белес. Мен егемендiктiң асқақ рухынан қуат алып өскен жастардың төл өкiлiмiн. Жастар қашан да қоғамның қозғаушы күшi, белсендi бөлiгi болып келедi. Бiздiң сүйiктi қаламыз әрбiр адамға бақуатты өмiр сүру үшiн өз еңбегiне қарай табыс табуына мүмкiндiктер бередi, бұл - мегаполистiң бiз ұстануға тиiс қағидасы. Өйткенi жұмыспен қамту мен қоғамның тұрақты дамуы бiздi ортақ жеңiске жеткiзетiн басты құндылық. Жаңа аудан - жаңа белес!", - деген еді.
Атап өтсек, 20 наурыз күні елімізде кезектен тыс мәжіліс сайлауы өтіп, додада «Нұр Отан» партиясы жеңіске жеткен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1078253-akter-asylkhan-tolepov-maslikhat-deput/