Баян Есентаеваның күйеуі туралы не білеміз? (видео)
Жарияланған күні:
Баян Есентаеваны күйеуі пышақтап кеткені туралы ақпарат елді есеңгіретті. Осы орайда жантүршігерлік қылмысқа барды деп күдіктелген Бақыт Есентаев туралы не білеміз?
Баян Есентаева жиырма жасында Бақыт Есентаевқа тұрмысқа шығып, бүгінде Айсәуле және Айару есімді екі қыз тәрбиелеп отыр.
Өз күйеуі туралы Баян БАҚ-қа сұхбатында қашан да мақтау сөздер айтып отырады.
"Менің ер адамдарға талабым өте жоғары. Шексіз жоғары десем де болады. Менің қасымда тек нағыз ер азамат қана бола алады. Әр ісіне жауап беретін адам болуы тиіс. Маған дәл сондай жанға тұрмысқа шығу бақыты бұйырды. Менің күйеуімнен қайырымды жанды кездестірген емеспін. Біз талай қиындықты бастан өткерсек те, жұбымыз жазылған емес", - деген еді Баян сұхбаттарының бірінде.
Сырт көзге алаңсыз өмір сүретін Есентаева қиын сәттерді де талай басынан кешкен. Мұны продюсер отбасылық өмірімен байланыстырады.
"Қолыма шүберек алып, еден жуған, күйеуімнің жейдесін үтіктеген кездерім де болды. Бір күні таңертең оянсам, теледидардың астындағы шаңға көзім түсті. Онда "мынауың ұят емес пе" деп жазылған саусақ іздері жатыр. Содан кейін мұндай өмірге жаралмағанымды түсіндім", - дейді Баян әңгімесінде.
Жан-жарының опасыздығына қатысты қойылған сұраққа Баян 21 жыл бойы күйеуінің махаббатын сезініп келгенін алға тартты. Әртіс жарының көзіне шөп салуы мүмкін екенін ойласа да, бұған аса мән бермеуге тырысады.
Баянның айтуынша, күйеуі өте қызғаншақ жан, олар жұбайлық өмірдің алғашқы кездері жиі ұрысып қалатын. Баян тіпті үш рет ажырасуға арыз берген көрінеді. Продюсердің пікірінше, отбасылық алғашқы он жыл соғыс секілді дейді.
"Күйеуім менен қарызға ақша сұраса, тиынына дейін қайтарып береді. Менің ұстанымым сондай. Егер мен тапқан ақша болса - ол менің ақшам, ал күйеуімнің табысы - жанұямыздың ақшасы. Менің табысым оған әлі күнге дейін құпия", - дейді Есентаева.
Ал кезінде КТК арнасындағы бағдарламалардың біріне екі қызын ерте барған Баян күйеуіне еркелейтінін айтып, ағынан жарылған еді.
Айсәуле болса, анасына гауһар тасты жүзіктерді сыйлық ретінде таңдауда әкесіне көмектесіп отыратынын айтқан.
"Кейде әкем екеуіміз бірге барамыз. Таңдаймыз. "Мамаң қайсысын ұнатар еді" деп сұрайды. Туған күніне екеуіміз сыйлық іздедік. Бірнеше дүкенді аралап шықтық", - деп қуанышымен бөліскен еді Айару.
Былтыр "Еуразия" бірінші арнасындағы "Кешкі кездесу" бағдарламасында Баян Есентаева анасымен бірге студияға келіп, соңынан жүгірген жігіттердің көп болғанын, алайда қазіргі күйеуіне түскен таңдауын анасы да қатты ұнатқанын айтқан болатын.
Баян Бақыт Есентаевпен мейрамхана маңында танысқан еді. Құрбысымен такси ұстаған Баянға бұзақылар тап беріп, көлікке күштеп мінгізіп жатқанда, Бақыт аяқ асты оны құтқарып қалған болатын.
Алайда мұндай ер азаматтың бүгінде Баянның өміріне керісінше қауіп төндіргені қалай деген сұрақ туындайды.
Бақыт Есентаевтың бұған дейін шулы оқиғаларда да көпшіліктің назарына іліккен кездері болған.
Ғаламторда пайда болған танымал продюсердің жұбайына ұқсайтын азаматтың казинода төбелес шығарған видеосы талайдың есінде қалған.
Видео ойынханада орнатылған бақылау камералары арқылы жасалған. Роликтен байқауға болатындай, Баян Есентаеваның жолдасы Бақытбекке ұқсайтын азамат дилерге қол жұмсап, ойынхананың күзетшілерімен төбелескен.
Видеоны жүктегендер: "Есентаев Баха "Карлтон" казиносында $40.000 ұтылып, дилерге қол көтеріп, күзетшілермен төбелес шығарды. Күзетшілер ештеңе істей алмаған", - деген жазу қалдырған.
Есентаева Tengrinews.kz сайтына аталған видеоға қатысты түсініктеме берді.
"Иә, көрдім. Бұл кісінің менің күйеуіме ешбір қатысы жоқ. Тектес адам немесе әдейі аты-жөнін солай таныстырған біреу. Бұл менің күйеуім емес", - деді продюсер.
Айта кетсек, дегенмен халық арасында танымал продюсердің жары құмар ойындарға әуес деген сыбыс бұған дейін де бірнеше рет шығып жүрген.
Тағы оқыңыз:
Ауыр жарақат алған Баян Есентаева есін жиды
Дәрігерлер Баян Есентаеваның жағдайы туралы айтып берді
Назарбаев Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Баян Есентаеваны күйеуі көпшіліктің көзінше пышақтап кетті
Террорист Дмитрий Таңатаров ауруханада көз жұмды
Теміртауда тұрғындар адам шошытарлық "модернизация" үшін 10 жыл несие төлеуге міндеттелді (фото)
Алматыда 11 жасар бала өгей әкесінің зорлап келгенін жайып салды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1157325-bayan-esentaevanynh-kuyeui-turaly-ne-bi/