Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баян Есентаеваның отбасы туралы не білеміз?

Жарияланған күні:

Баян Есентаеваға күйеуі пышақ жарақатын салғаны туралы ақпарат көпшілікті есеңгіретті. Қашан да еліміздің ең үлгілі отбасыларының қатарында болған жұптың арасында мұндай жайт орын алғанына көбі сене алмады.

Осы орайда ZTB.kz сайты Баян Есентаеваның отбасы мен жақындары туралы бірқатар ақпарат ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Ата-анасы

Баянның анасы - Гүлжамал Айдарқызы. Гүлжамал жас кезінде актриса болған, еңбек сіңірген қайраткер. Есентаеваның әкесі -  Мақсат Мұхитденов, кезінде дыбыс режиссері болған. Бүгінде тарихшы, түркітанушы және өнертанушы. Осы жылы ол Ұлттық кітапханада "Илиада" атты ғылыми-публицистикалық кітабының тұсауын кесті.

Баянның ата-анасы онымен бірге тұрады.

Әпкелері

Баян - отбасындағы ортаншы қыз. Оның Бәтес есімді әпкесі және Бағым есімді сіңлісі бар. Бағым - музыкалық продюсер. Бәтес - танымал тележүргізуші Аша Матайдың анасы.

Өткен жылдың күзінде Ашаның тойын бүкіл ел бақылап, "жыл тойы" атап кеткен болатын. Аша Mysterions тобының солисі Арман Қоңырбаевқа тұрмысқа шықты.

Балалары

Баян Айсәуле және Айару есімді екі қыз тәрбиелеп отыр. Үлкен қызы АҚШ-та білім алып, белсенді түрде блог жүргізеді. Айсәуле - Қазнеттің ең танымал аруларының бірі. Ол журналист мамандығын игеруде.

Көпшілік Айсәулені қазақ тілінде сөйлемейтіні үшін сынға алып жатады.

Баянның кіші қызының мінезі анасынан айнымай қалған. Айару тәттілер пісірумен әуестеніп, әлеуметтік желіде танымал болып үлгерген. Бұдан бөлек бимен шұғылданып, фортепьянода ойнайды, шет тілдерін үйренеді.

Күйеуі

Баян Бақытбек Есентаевқа жиырма жасында тұрмысқа шыққан.

Баянның күйеуі туралы ақпарат аз. Оның тек жеке бизнеспен шұғылданатыны белгілі. Баянның айтуынша, күйеуі өте қызғаншақ жан, олар жұбайлық өмірдің алғашқы кездері жиі ұрысып қалатын. Баян тіпті үш рет ажырасуға арыз берген көрінеді. Продюсердің пікірінше, отбасылық алғашқы он жыл соғыс секілді дейді.

Бақыт Есентаевтың бұған дейін шулы оқиғаларда көпшіліктің назарына іліккен кездері болған.

Ғаламторда пайда болған танымал продюсердің жұбайына ұқсайтын азаматтың казинода төбелес шығарған видеосы талайдың есінде қалған.

Видео ойынханада орнатылған бақылау камералары арқылы жасалған. Роликте Баян Есентаеваның жолдасы Бақытбекке ұқсайтын азамат дилерге қол жұмсап, ойынхананың күзетшілерімен төбелескен.

Видеоны жүктегендер: "Есентаев Баха "Карлтон" казиносында $40.000 ұтылып, дилерге қол көтеріп, күзетшілермен төбелес шығарды. Күзетшілер ештеңе істей алмаған", - деген жазу қалдырған.

Есентаева  Tengrinews.kz сайтына аталған видеоға қатысты түсініктеме берді.

"Иә, көрдім. Бұл кісінің менің күйеуіме ешбір қатысы жоқ. Тектес адам немесе әдейі аты-жөнін солай таныстырған біреу. Бұл менің күйеуім емес", - деді продюсер.

Айта кетсек, дегенмен халық арасында танымал продюсердің жары құмар ойындарға әуес деген сыбыс бұған дейін де бірнеше рет шығып жүрген.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні Құлжа тасжолының бойында Баян Есентаеваны күйеуі ауыр соққыға жығып, пышақтап тастаған болатын. Қазір продюсер жансақтау бөлімінде жатыр.

Тағы да оқыңыздар:

Баян Есентаеваның ауруханадағы суретін таратып жіберген адам іздестіріліп жатыр

Баян Есентаеваның күйеуі кісі өлтіруге оқталды деп айыпталуда

Баян Есентаеваның сіңілсі қазақстандықтарға үндеу жолдады

Дәрігер Баян Есентаеваның қазіргі жағдайын айтып берді

Баян Есентаеваның күйеуі туралы не білеміз? (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1158798-bayan-esentaevanynh-otbasy-turaly-ne-bi/