Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде сақалды жігітті телефон сатып жүргені үшін террористер қатарына қосқан

Жарияланған күні:

Ақтөбедегі терактіден кейін жүрегі қан жылап отырған ана көп. Лаңкестер шабуылына қатысы болуы мүмкін деген  ақпаратта аты мен тұратын жері көрсетілген Тәлінбаевтың отбасына қазір тыным жоқ деп хабарлайды NUR.KZ.

Оның есімі қазір шабуылдан бас тартқандардың қатарында тұр. Оның отбасын «террористер» деп саусақ шұқып көрсетіп отырған отырған көршілер мен табалап жатқандар көп. Анасы баласының күдіктілер тізіміне телефон сатқаны үшін кіріп кеткенін айтады.

«Газеттен біздің үйде «бәрі жиналады» деген жалған ақпарат шықты. Олай емес. Балам үйде тек тіркеуде тұр, ол бізден бөлек пәтерде тұрады. Жалған ақпарат таралып  жатыр. Террористер, уахаббшылар бізде жиналады деген өтірік әңгіме. Террактіге қатысқандардың қатарында деп менің баламның суреті мен біздің мекен-жайды жазып қойған. Соны барлық жерден беріп жатыр. Енді сол жалған ақпарат біздің өмірімізге қауіп әкеліп отыр»,- дейді Алмаздың анасы.

Бастарынан өтіп жатқан жағдайдан шаршаған анасы қан қысымы көтеріліп, жүрегінің ауырып жүргенін айтты. Алмас үш баланың ортаншысы. Кіші баласы Қытайда оқиды.

«Мен бұл жағдай болған кезде үйде жоқпын. Алматыға емделуге кеткен едім. Үйдегі екі баланы арнайы жасақ қызметкерлері бастарына қапшық кигізіп, қолдарын кісендеп алып кеткен. Полицияға көршілер террористер тұрады деп хабарлаған. Үйдің бәрін тінтіген, көршілер түсініктеме берген. Осы жерде қым-қиғаш болған. Бізге үйімізде отыру қорқынышты болып отыр. Көшіп кетуге әзір мүмкіндік болмай тұр. 19 жастағы балама алаңдаймын. Кіші балам Қытайда оқитын еді, енді жібермей қала ма деп қорқып отырмыз», - дейді атын көрсетпеуімізді сұраған анасы.

Алмас Тәлінбаевтың 8 айлық бір баласы бар. Отбасы құрғанына екі жыл болған. Отбасында жалғыз өзі үш жыл бұрын намаз оқуды бастаған. Екі жыл бұрын хиджаб киетін қызға үйленіп, жалдамады пәтерге көшкен. Оның анасы мен бауырлары намазға жығылмаған, қарапайым киіммен отыр.

«Сол оқиға болған күні ағасы қорқып оған бірден хабарласқан. Ол үйдемін деген. Алғашында тараған ақпараттардың басында ең бірінші болып Алмас тұр. Бәрін қырып салған сол сияқты қылып, оны суретімен, мекен-жайымен берген. Ол қашып жүрген сияқты. Бірақ олай боған жоқ. Баламды пәтерінен алып кеткен. Мен қазір кімді сендірем? Бізге оңай емес. Бұл атақтың өзі қандай»,- дейді анасы бұл жағдайлардың бәрі баласына зиян болып тиеме деп алаңдап.

Алмас «Астана» сауда дүкенінің қасында телефон сататындардың қатарында. Ол мұнай-газ колледжін бітірген. Анасы пәтерге шыққан кезде жұмыс таба алмай телефон сатуға шыққанын айтады.

«Мен баламның көшеде мылтық алып жүрмегені үшін өзімді жұбатып отырмын. Қазір бірдеңе деп айтуға қорқам. Ана жерге бармағаны, еріп кетпеуіне құдай қарасқан шығар. Басында әлі бірдеңе бар шығар. Оқиға болған күннің ертеңіне екі полиция жалдап тұратын пәтеріне келіп алып кеткен. Телеарнадан менің баламды террорист деп көрсеткен кезде қатты қиналдым. Жылап комитетке бардым. «Соны берген арнаны сотқа бер, айтқандарын дәлелдесін» деп жатыр. Бірақ өзіміз қорқып отырғанда кіммен соттасамыз»,  -дейді ол.

Алмас Тәлінбаев қазір қамауда отыр. Анасына айтуынша, баласы қазір куәгерлердің қатарында. Тергеу енді басталғандықтан баласымен сөйлесе алмай отырғанын айтады.

Тағы оқыңыздар:

Мәсімов Ақтөбе облысының жұртын не мазалайтынын айтты

Әбенов АҚШ-тың түрмесінен босап шыққан студентті "жарнамалағандарға" шүйлікті

Мәсiмов 10 сотық жерді қазақстандықтарға бөлуге қатысты ойын айтты

Үкiмет ендi соңғы шешiм қабылдамас бұрын халықпен ақылдасатын болады

Жараланған «Пантера» қару-жарақ дүкенінің сатушысы содырлардың қалай шабуыл жасағанын айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1163371-aqtobede-saqaldy-zhigitti-telefon-sat/