Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мысырға оқуға кеттім деген ақтөбелік жігіттің Сирияда соғысып жүргені анықталды

Опубликовано:

Сирияда соғысып жүрген ақтөбелік жігіт сырттай қамауға алынды. 25 жастағы Руслан Қуанов осыдан үш жыл бұрын Мысырға арабша үйреніп, діни білім алуға кеттім деп туыстарын алдаған.

Бірақ қай университетте оқып жүргенін айтпапты деп хабарлайды КТК арнасы.

Кейін белгілі болғандай Руслан Сириядағы содырлардың қатарына қосылған. Онымен қоймай, әлеуметтік желілер арқылы еліміздегі таныстарын қарулы қақтығысқа қатысуға шақырыпты.

Қазір Қуановқа халықаралық іздеу жарияланды. Ұсталған жағдайда сотқа сүйреп жүрмес үшін тергеушілер алдын ала санкция алуды жөн санаған. Ол үшін қалалық сотқа өтініш түсіріп, сырттай шешім шығарып берді.

"Қуанвоқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылып, ұсталған күнен бастап екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді", - дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Анар Айтжанова.

Тағы оқыңыздар:

140 келі тартатын алматылық тұрғын семіздіктен салмағын көтере алмай қалды

Қоғамдық кеңес: Алматыда жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін

Ұлттық банк теңгенің неліктен әлсіреп жатқанын түсіндірді

Алматыда із-түзсіз жоғалған Сафар Шәкеевтің анасы үндеу жариялады

Алматы тұрғыны көпқабатты үйдің сыртынан Алланың есімдері ұлықталған жазбаларды тапты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1201827-aqtobede-siriyagha-ketti-delingen-turgh/

pixel