Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде жеңгетай келіншекті қоластындағы жезөкшелер сотқа берді

Жарияланған күні:

Өскеменде 30 жастағы жұмыссыз әйел он жезөкшеге жеңгетайлық етемін деп опық жеді. Бұл туралы Timeskz.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ақшаға сексуалды қызмет көрсететін бүтін бір желі құрған әйел өз ойын жүзеге асыруда жалға алынған бірнеше пәтерді пайдаланған. Жеңіл жүрістілердің қызметінің құны төмен болғандықтан, клиенттер толассыз ағылған.

Келушілерден түскен ақшаны жеңгетай тең бөлісуге келіскенімен, әрдайым сылтау тауып, олардың табысын қысқартып отырған.  Одан бөлек қатаң тәртіпті талап еткен жеңгетай кетемін деушілерге қоқан-лоққы көрсетеді. Дегенмен оның сөздерінен қорықпай, шағым түсіргендер табылды.

«Жедел іздестіру шаралары барысында 30 жастағы Өскемен тұрғыны құрықталды. Оған жеңгетайлық еткені және жезөкшелікпен айналысуды ұйымдастырғаны үшін айып тағылды. Оннан астам бойжеткен бұл істе куәгер әрі зардап шегуші ретінде қаралуда", - дейді полиция капитаны Данияр Тумақбаев.

Ол соталды тергеу аяқталып, іс сот органдарына жіберілгенін алға тартты.

Әйел үш жылдан астам уақытқа түрмеге қамалуы тиіс. Алайда оның кәмелетке толмаған баласы барын және бұған дейін істі болмағанын ескере отырып, сот жеңілірек жаза тағайындауы әбден мүмкін.

Тағы да оқыңыздар: 

Ақтөбеде әйелінің сұлулығын қызғанған еркектер ғана никаб кигізетін болып шықты (фото)

Екі дағдарыстан соң Қазақстан халқының жартысынан көбі кедейленіп кеткен

Тасмағамбетов Балқаш торабындағы Ресейге жалға берілген жердің аумағын қысқартты

Түркістан әкімі аруақтардан медет сұраған кейуанаға "періште" кейпінде келіп, көмектесіп жатыр

Отандық сериалдың жұлдызы үйлену тойын ерекше стильде өткізді (фото)

Түсініксіз тілде шырқайтын МС Сайлаубек Қытайды бағындыруға кетті (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1208863-oskemende-zhalghyzbasty-ana-zhezokshe/