Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада қоқыста жатқан бесік желі қолданушыларының шамына тиді (фото)

Жарияланған күні:

Астанадағы ықшам аудандардың бірінде қоқыста жатқан бесіктің фотосын Ұларбек Дәлейұлы есімді желі қолданушысы Facebook-тегі жеке парақшасында жүктеді деп хабарлайды NUR.KZ.

«Мынау қандай тексіздің қылығы екен? Киесі атып кетуден қорықпаса, мынадай сұмдық жасамас еді, əттең! Түсіріп жіберген - досым. Лесная поляна 13 үйдің артындағы қоқыс алаңы дейді», - деп жазады Дәлейұлы.

Автордың бұл суретіне пікір білдірген әлеуметтік желі қолданушылары қазақ әрқашан да бесікті қадірлеп, биік қойғанын, ал қазіргі таңда адамдар бесікті қадірлемек түгілі, тіпті баласын бесікке бөлемейтіндердің де бар екенін жарыса жазуда.

Айта кетейік, бесік – сан ғасырлар бойы ұлттың ұясы, қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, бабамыздан қалған киелі мүлік, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай тіршіліктің белгісі іспетті. Бесікті қатты қадірлейтіндігі соншалық, қазақ атасы жатқан бесікке бала, немере, шөбере, шөпшек, тіпті туажатына дейін бөлейді.

Бесік тек қана қазаққа тән емес, ол - Орталық Азия, Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендеген көп халықтың ұл мен қызын ұйықтатып, оянғанда қолын шешіп ойнатып, анасының ақ сүтін беріп, тіл-көзден сақтайтын ағаш төсегі. Тек олардың әр халықта жасалу ерекшеліктері түрліше болып келеді. Қазақтар бесікті негізінен қайың, қарағай, талдан иіп жасаған әрі жеңіл келеді.

Тағы оқыңыздар:

Еркеш Шәкеев: Менің ұлым Сафар жазатайым оқиға салдарынан қаза болды

Алматылық жігіт өзін тастап, бай досына кетіп қалған сүйіктісіне таң қалды

Ермахан Ыбырайымов қазақ боксшылары екі алтын алуға міндетті екенін ескертті

Қарттар үйінен 3 мәрте қашып кеткен ақтөбелік кейуана 1,5 жыл бойы үйінде қамалып отыр

Кореядан ұшып келе жатқан Қазақстан азаматы Өзбекстанда жоғалып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1215086-astanada-qoqysta-zhatqan-besik-zheli-qo/