50 жастағы жезөкше қазақстандықтардың егде жастағы әйелдерге құмар екенін айты
Жарияланған күні:
Әлемдегі ең кәрі жезөкше - 98 жастағы Милли Купер. Ол аптасына екі клиент қабылдап, әр түні үшін 1200 доллар алады. Алматы мен Астанада да егде жастағы жезөкшелер сұранысқа ие екен. Бұл туралы "Экспресс-К" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
50 жастағы Багира есімді әйел жасы келген жезөкшелерге ерлердің не себепті қызығатынын айтып берді.
Жезөкшелікпен айналысып жүргеніне сегіз жылдан асқан Багира алғаш рет бұл жолға құрбысының сөзіне еріп түскен. Құрбысы оған клиент қомақты ақша төлеуге әзір екенін айтқан.
"Менің клиенттерім төсекте қашан да мені емес, өзінің мектептегі, университеттегі оқытушыларын елестетеді. Менімен бір түнін өткізген олар осылайша комплекстерінен арылуға тырысады. Оқытушысынан өлердей қорыққан студенттік немесе оқушылық кезеңін артқа тастағысы келеді", - дейді Багира.
Багира көбіне төсек қатынасында математика пәнінің мұғалімі образына енетінін жасырмайды. Тіпті бір күні клиентінен алгебра пәнінен емтихан алып, екісі үшін жазалаған көрінеді.
Әйел аптасына бір-екі рет клиенттерге қызмет етіп, денсаулығының да жақсарғанымен мақтанды.
Татьяна Аладьинаның материалынан аударылды.
Тағы оқыңыздар:
Жеті рет тұрмыс құрған қазақ қызы не істерін білмей көпшіліктен кеңес сұрады
Тамыз айында қазақстандықтар бір күн артық демалады
Қазақстанда демалыс күндері аптап ыстық болады
Күйеуі талақ айтып, басқа адамға күштеп тұрмысқа шығарған әйелдің тағдыры
Баландин: Чемпион болғанымды басқа спортшылар келіп, құттықтап жатқанда ғана білдім
Әкімдер рейтингінде Қырымбек Көшербаев көш бастады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1218525-50-zhastaghy-zhezokshe-qazaqstandyqtardynh/