Бұрынғы имам елімізде жын қаққан әйелдердің көбейгенін айтып, дабыл қақты
Жарияланған күні:
38 жастағы Нұрболат Ниетқалиев бойына жын кірген адамдарды құранмен емдеп, дем салады. Оның бұл кәсіппен айналысқанына 8 жыл болған деп жазады аймақтағы NUR.KZ тілшісі.
«Соңғы кездері ішіне жын кіріп кеткен адамдар көбейді. Қиямет күн жақындаған сайын жындар көп белең алады. Адамдардың уайымы да көбейе береді. Мен өзім бұрын имам болып жұмыс жасадым. Орал, Ақтөбе қалаларында имамдық қызметте болдым. Адамның бойындағы жынды шығарып, хиджама салумен сол кезден бастап айналыстым. Бүгінде көп аурудың себебі жындармен тікелей байланысты. Адамның бойындағы аурудың 80-90 пайызы жындардың кесірінен. Кейде медицинаның күші жетпеген аурулар құран арқылы емделеді. Құран оқу арқылы адамның жүрегі тынышталады, ауруына шипа табады, жаны рақатқа бөленеді. Қазір адамдар рухани азыққа мұқтаж», - дейді Нұрболат Ниетқалиев.
Бұрынғы имам жындардың адам бойын қай кезде билейтінін айтып берді.
«Жын адамға қатты қорыққанда, қатты қуанғанда кіреді. Егер осы кезде Алланы еске алмасақ, жын адамды пайдаланады. Жындар әлемі туралы құранда көп айтылады. Жындар да адамдар сияқты өмір сүреді. Жер бетінде жындар адамдармен бірге өмір сүріп жатыр. Алла Тағала жындарға сондай қасиет берген. Олар бізді көреді, біз оларды көре алмаймыз. Олар 600-2000 жылға дейін өмір сүреді. Тілі жоқ балалар жын кіргенде шошынып жылай береді. Көз тиюдің өзі жынның әсері», - дейді ол.
Оның айтуынша, Алланы аузына алмайтын адамдарға жамандық шақыратын жындар үйір болады. Әсіресе, әйелдер жындардың құрбанына айналып, көп көмек сұрап келеді екен.
«Өмірге адам келгенде оның жанына бір жын дүниеге келеді. Ол біздің не істегенімізді, кімге не айтқанымызды біліп жүреді. Бірақ біз дүниеден өткенде ол жын бұл дүниеде қалып қояды. Қайтқан адамның қасында жүрген жын оның балаларына, туыстарына тиіседі. Ол қояншық жын болса, адамға зияны тиеді. Одан құранмен ғана сақтануға болады. Жындар Алладан қорықпайтын адамдарға үйір болады. Қазір адамгершілік қасиеттен айырылған адамдардың бәрі жынның жетегінде жүр. Жын адамды жас-кәрі деп қарамайды. Көп жағдайда әйел адамдарға тиіседі. Келген адамдарды санап жатқан жоқпын. Бірақ Алланың берген шипасымен көптеген адамдарға көмек көрсеттік», - дейді Нұрболат Ниетқалиев.
Ол ішіне жын кірген адамдардың соңғы кезде көбейіп кеткенін, тұрғындардың дем салуға жиі келетінін айтты. Дуаланғандар да құран көмегіне көп жүгінеді екен.
«Дуа деген нәрсе бар «Мен жақсы көрмесе маған да, басқаға да болмасын» деп дуалап тастайды. Оны да адамның шашы, тырнағы әртүрлі нәрселермен жасауға болады. Дуалаудың барлығы жындардың әрекетімен жасалады», - дейді ол.
Нұрболат Ниетқалиев жын шығарумен берге хиджама жасау арқылы адамның бойынан қан алады.
«Хиджама арқылы да жындарды шығаруға болады. Өйткені біздің қанымызда 24 сағат бойына шайтандар жүреді. Жындар көбіне қанда болады. Хиджама 14 ғасырдан бері келе жатқан нәрсе. Оның профилактикалық және емдік түрлері бар. Шама келсе хиджаманы мұсылмандық күнтізбе бойынша 17, 19, 21 күндері жасатқан абзал. Сол күндері жасалған хиджама ауруларыңызға шипа, өмірлеріңізге берекет береді. Ол үшін алдымен арнайы вакуммен қан алынатын жер белгіленеді. Кейін дененің беті алмаспен тілініп, қан сорып алады. Қазір медицинаның өзі адамның ет пен терісінің ортасында керек емес бактериялардың жиналатыны туралы айтып жатыр. Адам лас қандардан тазарып тұрмаса, ол адамның көп ауруына себеп болады. Қан қысымы төмен, ішкі құрылысы алмастырылған адамдарға хиджама жасауға болмайды. Себебі хиджама кезінде адамның барлық органимзі қозғалады. Хиджама салуды да имам кезден бастадым. Алдымен өзім қан алдырып бастадым», - дейді ол.
Айтуынша, хиджаманың салмақ жинай алмай жүрген адамдар мен көзі көрмейтін адамдарға да әсері бар екен.
Тағы да оқыңыздар:
Алматыда жұлдыздарды тамашалауға келген жастар жаппай жыныстық қатынасқа түсті
ОҚО-да жоғалып кеткен жүкті әйелдің мәйітін күйеуі өртеп жіберген
Евгений Тищенко Василий Левиттен жеңілгенін мойындаған жоқ
Өз елімде өгей болдым: Қытайдан келген қандастың ащы шындығы (видео)
Олимпиадада етеккірі келген қытайлық қыз медальдан қағылды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1222525-burynghy-imam-ayelderge-zhynnynh-zhii-kir/