Қызылордада күйеуінен ажырасқан келіншектер секс-шоптың саудасын қыздыруда
Жарияланған күні:
Қызылордалық орта жастағы әйелдер секс-шоп тауарларына сұраныстарын арттыруда деп жазады аймақтағы NUR.KZ тілшісі.
Қызылордада секс-шоп дүкендері көп емес. Жыныстық қатынасқа қажетті дүниелерді сататын сауда нүктелері саусақпен санарлық. Соған қарамастан соңғы уақытта аталмыш дүкендердің жұмысы қыза түскендей. Мамандар, бұл жағдайға облыстағы ажырасқан әйелдердің көбеюімен байланыстырады.
Қызылорда қаласының тұрғыны Айнаш Әмірбектің (есімі өзгертілген) жасы 38-ден асып барады. Осыдан бірнеше жыл бұрын күйеуі жол апатынан қайтыс болған. Кейіннен денсаулығы сыр беріпті. Дәрігерлер жыныстық қатынаспен ұдайы айналысып тұрмаса, жатырын алып тастайтындарын айтыпты. Бірақ келіншек жаңадан ер азамат жолықтыра алмағанын жеткізді.
«Әрине, баласы бар әйелдерге қайтадан тұрмыс құру өте қиын. Ал, жеңіл жүріске салыну – маған жат қасиет. Сол себепті, амал жоқ осы дүкендердің қызметіне жүгініп жүрмін. Мұнда табиғи қажеттілігімді өтейтін тауарлар бар. Бастапқыда қатты ұялатын едім. Қазір біртіңдеп үйренісіп келе жатырмын», - дейді кейіпкер.
Расымен, қазіргі таңда Қызылордадағы секс-шоп дүкендерінде сауда қызып тұр. Мұндағы сатушылардың айтуы бойынша, көбіне орта жастағы әйелдер интимді тауарларға айрықша қызығушылық танытады екен.
«Біздің дүкенлдерде секс-шоп тауарларының түр-түрі бар. Жыныстық қатынас кезінде киетін киімнен бастап вибраторлар сатылымға шығарылған. Көбіне жасы 30-дан асқан әйелдер келеді. Бұрынғыдай емес, қазір сұраныс жақсы. Тауарды көбіне ауқатты тұратын жандар алатынын байқаймыз», - дейді сатушы.
Әрине, «айрықша» дүкендегі бағалар да өзгеше. Мұнда тауарлардың бағасы 3000 теңгеден басталады. Кез-келген адамның қалтасы көтере бермейтіндігі түсінікті.
Орта жас әйелдерден бөлек, жасөспірімдер де секс-шоп дүкендерінің қызметіне жиі жүгінетінге ұқсайды. Мұнан бөлек, күйеуі егде келіншектер де мұнда бас сұғады. Бүгінде қызылордалық дүкендердегі таңдау ассортименті артып келеді. Сатушылар да сұраныс болған соң, ұсыныстың болуы заңдылық деп отыр.
Тағы оқыңыздар:
Мұхамеджан Тазабек қазақ қоғамында белең алған ажырасудың себебін әйелдерден көрді (видео)
Қазақстандағы танымал адамдардың сұлу қыздары
Мың бұрала билеген «ауыл қызы» ғаламторды жарды
Салмағы 18 келі болатын алып нәресте дүниеге әкелді
Желі қолданушылары Қарақатты Ким Кардашьянға ұқсатты (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1224810-qyzylordada-kuyeuinen-azhyrasqan-kel/