Әлия Назарбаева қажет болса балаларын аздап ұрып алатынын айтты
Жарияланған күні:
Президенттің кіші қызы Әлия Назарбаева отбасына қатысты қойылған бүлдіршіндер сұрағына жауап берді.
Бұл туралы ол "Бала дауысы" фестивалінің қатысушыларына арналған мерекелік отырыста айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
"Бала дауысы" фестивалінде идея авторы Әлия Нұрсұлтанқызы бүлдіршіндерден келген 5 сұраққа жауап берді. Оның ішінде елбасының қызына балалары туралы айтып беруді өтінгендер де болды.
"Менің үш балам бар. Үлкен қызым - Тиара. Ол тоғыз жаста. 5 жастағы ортаншы қызым Алсара биыл мектеп табалдырығын аттады. Жақында менің кішкентай ғана ұлым дүниеге келді. Ол төрт жарым айлық. Мен балаларым тыңдамай жатса, барлығын сөзбен түсіндіруге тырысамын. Бірақ, бәрі де болады ғой... Кейде оларды аздап құйрығынан ұрып та аламын", - деп күлді Назарбаева.
Сондай-ақ, Әлия Назарбаева оқушы кезінде сабақтан қашып кеткен кездерін де есіне алды. Үш баланы өмірге әкелген ол "Ана дауысы" атты байқау өтсе, қатысуға кетәрі еместігін айтты.
Тағы оқыңыздар:
Алматыда 100 миллионның көлігін мінетін студенттер кімдер? (фото)
Ильин бастаған ауыр атлеттер түгелдей медальдарынан айырылды
Ақтөбелік оқушы сыныптас қыздарын жыныс мүшесінің суретімен қорқытқан
Қазақ хоккейіндегі ең сымбатты жігіт туралы не білеміз? (фото)
Алматылық бойжеткен айына млн теңге төлеп, қымбат көлік мінгізетін жігітке сатылатынын айтты
ШҚО-да маскүнемдер миллондаған бюджет қаржысын ұрлауға көмектескен
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1288211-aliya-nazarbaeva-qazhet-bolsa-balalary/