Ұлттық кітапхана директоры "Тұңғышбайды асу керек" деп айтқаны үшін дауға қалды
Жарияланған күні:
Тұңғышбай Жаманқұлов туралы ақпаратқа Ұлттық академиялық кітапхана директоры Үмітхан Мұңалбаеваның "асу керек" деп қалдырған пікірі желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Nurserik Zholbarys (Нұрсерік Жолбарыс – ред.) есімді журналист кітапхана директорының пікіріне қатысты сайтта жарияланған мақаламен бөліскен сәттен бастап оның жеке басына қорқытулар түскенін айтып отыр.
Журналист өз парақшасында мақаланы неліктен бөліскісі келгенін ашып айтып, «жеке басын қорлағаны» үшін бұл істі аяқсыз қалдырмайтынын мәлімдеді.
Төменде Facebook-те жарияланған осы жазбаны автордың стилистикасын сақтап беріп отырмыз.
«Әлеуметтік желіде абайлап сөйлемесең жауап беретін уақыт келеді. Тұңғышбай Жаманқұлов туралы ақпаратқа "асу керек" деп пікір қалдырған парақша қолданушысы туралы ақпарат сайттарда жарияланды. Сайтта шыққан мақаланы қаншама адам бөлісті. Бөлісуге құқығы бар. Тұңғышбай Жаманқұлов кінәлі болғанның өзінде елімізде "асу жазасы" жоқ екенін жақсы білеміз. Қылмыстық кодексте жазаның мұндай түрі белгіленбеген немесе қарастырылмаған.
Астанадағы №1 Руханият ордасы директорының бұлай жазуға моральдық тұрғыда да хақысы жоқ еді. Бірақ ол өз қатесін түсінген жоқ. Керсінше жағдайды ушықтырып алды. Моральдық дейтініміз сөз иесі Астанадағы рухани орданы басқарып отыр. Ол жер оның жекеменшігі емес. Қоғамдық орын. Қоғам тарапынан сенім білдірілген қызметті атқару барысында мынадай әрекетке жол бермеуі керек. Сондықтан сайттардың мұндайды жариялағаны дұрыс. Сілтемені мен де бөлістім. Бөлісуге хақым бар. Ешкімнің жеке басына тиіскен жоқпын.
Сайтта шыққан сілтемені бөліскеннен кейін менің атыма түрлі пікірлер жазыла бастады. Алғашқысы қорқыту болды. Ол кейін ақталуға тырысты. Белгілі журналисті араға салды. Үндеген жоқпын. Одан кейінгісі жан-жақтан пікір жазып шабуыл жасау болды. Жауап бердім. Басшының бұл әрекеті дұрыс емес екенін айттым. Қарамағандағы қызметкері Тұңғышбай Жаманқұловты асу туралы пікірді жақтайтынын аңғартты. Ендігісі түрлі аккаунт ашып менің жеке басыма, отбасыма, құжаттық деректеріме, қаржылық жағдайыма, әйеліме, атқарып жүрген істеріме қатысты посттар жазылып жатыр. Сондықтан бұл істі мен аяқсыз қалдырмаған жөн деп таптым. Себебі, мұны Қылмыстық кодексте қорлау, жеке басқа қол сұғу деп көрсеткен. Жеке басыма, отбасыма қол сұққан адамдарды анықтау мақсатында дәл ертең Астана қалалық прокуратурасына шағым түсіремін. Ертең таңертең шағымның толық мәтінін жариялаймын. Біреудің жеке басын қорлағаны үшін 800 айлық есептік көрсеткіш көлемінде шығын талап ете отырып, 3 жылдан жоғары бас бостандығынан айыруды талап етемін», - деп жазды фейсбук қолданушысы.
Тағы оқыңыздар:
Қазақша мақтан: Жігіттер кредитке той жасап, ата-анасының үйін кепілге қоя бастады (фото)
Тұңғышбай Жаманқұлов 69 млн теңге жымқырғанын мойындады
Қазақстаннан Ресейге кетіп қалған 12 жасар шахматшы қызға пәтер берілді
Қазақ қызы ерлердің журналы үшін жалаңаштанып суретке түсті
Ислам тыйған күнәдан бас тартқан адамдардың әлпеті қалай өзгерді?
Шымкенттік жігіт отбасылық проблемадан құтылу үшін көпірден секірмек болды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1305818-ulttyq-kitapkhana-direktory-tunhghyshba/