ОҚО-да бизнесменнен таяқ жеген аудан әкімі ұялғаннан қызметінен кетпекші
Жарияланған күні:
Сенімді ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда Шардара ауданының әкімі Арман Абдуллаев қызметінен өз еркімен кету туралы арыз жазған көрінеді деп хабарлайды Rgmedia.kz.
"Әкім арызын облыс әкімдігіне апарып тапсырыпты. Облыс басшысы Жансейіт Түймебаев әкімнің бұл қадамын құптады ма, әлде арызын кері қайтарды ма, ол жағы әзірге белгісіз. Арман Абдуллаев арызды расында да өз еркімен жазды ма, әлде жазуға мәжбүр болды ма? Бұл жағы да беймәлім", - деп жазады басылым.
Басылымның жазуынша, Арман Абдуллаев Шардара ауданының әкімі қызметіне биыл сәуірде, ауданның бұрынғы әкімі Қамытбек Айтөреев облыстық мәслихаттың депутаты әрі мәслихат хатшысы болып сайланғаннан кейін тағайындалған. Биыл 1 қыркүйек-Білім күнінде Шардарада жаңа мектептің ашылу салтанатынан кейін әкім Арман Абдуллаев пен экс-әкім, облыстық мәслихаттың хатшысы Қамытбек Айтөреев бастаған шенеуніктердің «Алтын жағалау» демалыс орнында жайылған дастарханға барғаны, осы отырыста Арман Абдуллаевтың жергілікті кәсіпкермен сөзге келіп, оның соңы кәсіпкердің әкімнің басына бөтелкемен ұруымен аяқталғаны ақпарат құралдарында жан-жақты жазған.
Оқиғаның арты үлкен шуға ұласып, қылмыстық іс қозғалып, оны барысын Бас прокуратура бақылауына алған.
"Бірақ осы уақытқа дейін құқық қорғау органдары тергеу амалдарының жай-жапсары туралы ешқандай ресми ақпарат таратпай отыр. Дегенмен Шардарадағы шатақ істен кейін Қамытбек Айтөреев қызметінен кетті. Дәл осындай жағдай әкім Арман Абдуллаевты да күтіп тұр деген сыбыс тараған еді. Алайда арада екі ай уақыт өтсе де ол қызметін атқарып келген болатын", - деп жазады басылым.
Тағы оқыңыздар:
Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)
ОҚО-да жездесінен жүкті болған қыздың анасы: Қызымның өмірі қор болды
Қазақ қызы түрік азаматына қалай тұрмысқа шыққанын айтып берді (видео)
Омбы қаласында ең үздік қазақ аруы анықталды (фото, видео)
Назарбаев ресми сапармен Жапонияға келді
Талай қыздың арманы болған Мейрамбек Беспаев қамал алар 40 жасқа келді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1308177-oqo-da-biznesmennen-tayaq-zhegen-audan/