Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаевтың еш жерде жарияланбаған ерекше суреттері (фото)

Жарияланған күні:

1 желтоқсан – Қазақстанның тұңғыш президенті күні. Ел парламенті қабылдаған заңға сәйкес, бұл мейрам 2012 жылдан бері мерекеленіп жүр.

Еліміздің жоғары заң шығарушы органы мұндай шешімді Қазақтанда 1991 жылдың 1 желтоқсанында өткен тұңғыш президент сайлауымен байланыстырғаны мәлім. Оған дейін тек орталықтың пәрменімен тағайындалып келген ел басшысын сол жылы халықтың өзі сайлап, өз көшбасшыларын таңдауға мүмкіндік туған еді.

NUR.KZ порталы Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатының көмегімен мерекеге орай елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы, жастық шағы, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қызықты сәттерден сыр шертетін фотосуреттерді назарларыңызға ұсынады.

Қарметкомбинат домна пешінің көрікшісі Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті. Теміртау, 1962 жыл

 

Нұрсұлтан Назарбаев досы Мақсұт Нәрікбаевпен бірге. Теміртау, 1960 жылдар

 

Нұрсұлтан Назарбаев металлургтер бригадасымен. Теміртау, 1963 жыл

Нұрсұлтан Назарбаев бірінші май демонстрациясында № 1 домна цехіндегі әріптестерімен бірге. Теміртау, 60-жылдардың бас кезі

 

Назарбаев әулеті: Динара Нұрсұлтанқызы, Дариға Нұрсұлтанқызы, Сара Алпысқызы, Нұрсұлтан Әбішұлы. Алматы, 70-жылдар

 

Нұрсұлтан Назарбаев демалыс уақытында. 70-жылдар

Қазақстан компартиясы орталық комитетінің хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың жары Зухра Шәріпқызымен. Алматы, 1982 жыл

Қазақ ССР министрлер кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың «КСРО- Италия» көрмесіне келген кездері. Алматы, 1985 жыл

 

Қазақ ССР-ның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шамалған ауылындағы еңбекші халықпен. Алматы облысы, 1991 жыл

 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбековпен мемлекеттік тудың алғашқы нұсқасын талқылау кезінде. Алматы, 1993 жыл

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттік шыршаға» қатысушы балалардың ортасында. Алматы, 1993 жыл

Нұрсұлтан Назарбаев демалыста. Ақмола облысы, 1995 жыл

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалпыхалықтық сайлауда еліміздің жаңа конституциясына дауыс бергеннен кейін журналистермен кездесуі, Алматы, 1995 жыл

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев теннис ойнау үстінде. Алматы, 1996 жыл

 

Күйші, Қазақстан Республикасының халық әртісі, фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің көркемдік жетекшісі Нұрғиса Тілендиевке "Халық қаһарманы" атағын беру кезінде. Алматы, 1998 жыл

Түркітілдес мемлекеттердің басшыларымен кездесу. Солдан оңға қарай: Сапармұрат Ниязов - Түркіменстан президенті, Сүлеймен Демирел - Түркия президенті, Ислам Каримов - Өзбекстан президенті, Асқар Ақаев - Қырғызстан президенті, Нұрсұлтан Назарбаев - Қазақстан президенті, Гейдар Әлиев - Әзірбайжан президенті.  Бішкек, Қырғызстан, 1995 жыл

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1334248-nursultan-nazarbaevtynh-esh-zherde-zhari/