Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2016 жылдың қорытындысы: Қазақстан мен әлемдегі ең маңызды оқиғалар

Опубликовано:

2016 жыл аяқталуға жақын. Осыған орай, NUR.KZ порталы Қазақстан үшін де, әлем үшін де жаңалыққа толы болған жылдың қорытындысын жасауды ұсынады.

Қазақстандағы орын алған жағдайлар

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫ

Биыл тәуелсіз Қазақстанға 25 жыл толды. Елдің басты жетістіктері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларацияға жазылды. Сонымен бірге, Конституцияға Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін жазып, ел астанасына елбасының есімін бері туралы ұсыныстар айтылды. Бұл мерейтойға орай мыңдаған қазақстандықтар мемлекеттік марапаттарға ие болып, елде амнистия жарияланды.

ЖЕР РЕФОРМАЛАРЫ

Жаңа жер реформалары қазақстандықтардың алаңдаушылығын тудырды. Тіпті алаңға митингке шығуға үгіттегендер те табылды. Халық жерді шетелдіктерге жалға беру мерзімін 10 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімге ұзартуға қарсы болды. Назарбаев бұл жағдайға баға беріп, үкімет реформалардың мәнін дұрыс түсіндірмеген деді.

Ал Ұлттық экономика министрі Досаев пен ауыл шаруашылық министрі Мамытбековтың қызметінен кетуі де жылдың маңызды жаңалықтарының бірі болды. Мемлекет басшысы Жер кодексіне 2021 жылдың соңына дейін түзетулер енгізуге мораторий жариялады.

БРАЗИЛИЯДАҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ

Рио-де-Жанейрода 31-ші Олимпиада ойындары болып өтті, онда Қазақстан 17 марапатқа ие болды. Жүзгіш Дмитрий Баландин, ауыр атлетші Ниджат Рагимов  пен боксшы Данияр Елеусінов елге алтын әкелді.

ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУ МЕН ҮКІМЕТТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС

Наурыз айында мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы болып өтті. Парламентке "Нұр Отан", "Ақ жол", "ҚКП" партияларының өкілдері енді.

2016 жылы үкіметте де маңызды ауыс-түйістер орын алды. Мәселен, Кәрім Мәсімов премьер-министрлік қызметінен кетіп, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне басшылық ететін болды. Ал Иманғали Тасмағамбетов қорғаныс министрі қызметінен премьер-министрдің орынбасары болып ауысты.

ЖЫЛДЫҢ ЕҢ АТЫШУЛЫ ЖАНЖАЛДАРЫ

Ақтөбедегі теракт ондаған адамның өмірін жалмады. 5 маусымда діни радикалдар тобы қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасап, әскери бөлімшеге тап берген. Нәтижесінде 19 адам оққа ұшып, аман қалған жеті лаңкес өмір бойына бас бостандығынан айрылды.

Баян Есентаева өзінің күйеуінің соққысына ұшырайды. Ол оны пышақтап, аяусыз соққыға жыққан.

Ауыр халде ауруханадан бір-ақ шыққан жұлдыз қанша уақыт емделумен келеді. Дегенмен, ол күйеуін кешіретінін айтты. Бұған қарамастан сот оның күйеуі бақытбек Есентаевты 9 жылға соттайды. Бұл 2016 жылдың ең атышулы жанжалы болды.

Бірінші арнаның жүргізушісі Шаукентаеваның Познермен жасаған "жалған" сұхбаты да елді дүрліктірді.

Қазақстандықтар мұны "дұрыс жасалмаған монтаж" деп атап, Познердің өзі мұндай сұмдықты бұрын-соңды көрмегенін айтып, таң қалды.

Әлемдегі маңызды оқиғалар

АҚШ-тағы президент сайлауындағы Трамптың жеңісі

Атышулы милиардер Трамптың президент болып сайлануы әлем жұртын дүрліктірді. Оның бұған дейін саясат пен әскери қызметте болмауы да қоғамдастықтың ашуын тудырды. АҚШ-та "менің президентім емес" деген атпен жаппай наразылық шерулері болып өтті.

БРЮССЕЛЬДЕГІ ЖАРЫЛЫС ЖӘНЕ НИЦЦАДАҒЫ ТЕРАКТ

22 наурызда Брюссель әуежайына екі лаңкес кіріп келіп лаң тудырған, бір сағат өткен соң метрода да тағы бір жарылыс орын алды. Нәтижесінде 35 адам ажал құшып, 340-тан астам адам жарақат алды.

14 шілдеде Ниццада жан түршігерлік теракт орын алды. 19-тонналық жүк көлігі салтанатты шараға көңіл көтеруге шыққан адамдарды таптап өтті. 86 адам қайтыс болып, 308 адам жарақат алды. Берлинде де 19 желтоқсан күні осындай жағдай болды. Онда 11 адам өліп, 53-і жарақаттанған.

ТҮРКИЯДАҒЫ БИЛІКТІ ҚҰЛАТУ ӘРЕКЕТІ

Шілде айында түрік әскерилері Түркияда әскери көтеріліс ұйымдастырмақ болды. Түркия президенті отбасымен демалып жатқан мейманханаға шабуыл жасалмақ болған. Эрдоған қашып үлгергенімен, олар президент сарайларына шабуыл жасап, әуежайлар мен мемлекеттік мекмелер, сонымен бірге телевизияны да басып алды. Көтерілісті күшпен тоқтатып, Эрдоган ел тұрғындарына көшеге шығып, көтерілісті тоқтатуды сұрады.

ҰШАҚТАРДЫҢ ҚҰЛАУЫ

2016 жылдың ірі апаты 25 желтоқсан күні орын алды. Сирияға бағыт алған ресейлік ТУ-154 ұшағы Қара теңізге құлап, апатқа ұшырады. Ұшақ ішінде болған 92 адам, оның ішінде журналистер, Александр ансамблі, НТВ арнасы мен Бірінші арнаның журналистері, сонымен бірге аты әйгілі Лиза дәрігер де болған. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр.

Наурыз айында Дубай-Ростов-на-Дону бағытының ұшағы жарылып кетті. Ондағы 62 адам қаза тапқан.

Тағы бір ұшақ апаты ретінде Колумбиядағы қайғылы оқиғаны атауға болады. Тегіс бір футбол командасы отырған ұшақ тауға барып соғылған. Олардың алтауы тірі қалды.

Тағы оқыңыздар:

Шымкентте той үстінде жаппай төбелес болды (видео)

Көкшетауда әріптесінің қолынан өлген полицейді жер қойнына тапсырды (фото)

Жаңа жылда еліміздегі бірқатар өнімдер мен қызметтердің бағасы қымбаттайды

Семейде кішкентай балақайға шұғыл қаржылай көмек қажет

Теңгенің орыс рубліне шаққандағы бағамы құлдырады

Ақтөбеліктер Сапарбаевтың денсаулығына алаңдап қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1363078-2016-zhyldynh-qorytyndysy-qazaqstan-men-al/

pixel