Енесін таяқтың астына алған келіндер кімдер?
Жарияланған күні:
Соңғы жылдары өзінің әдепсіз қылықтарымен ел алдында масқара болған келіндер көбейіп кетті. Үлкеннің сөзіне шыдамдылық танытуға құлқы жоқ немесе төзімі таусылған келіндер өз енесін "орнына қоюдың" сан түрлі амалын тауып баққан. Бірі енесіне қол көтерсе, енді бірі бетіне ыстық шай төгуге дейін барған.
NUR.KZ порталы соңғы жылдары ене мен келін арасында болған атышулы жанжалдарға шолу жасайды.
Осыдан екі жыл бұрын Алматыда тұрмысқа шыққанына бір апта болған жас келін енесінің бетіне ыстық шай шашып, күйдіргені есте. Жас жұбайлар ата-анасымен Жұлдыз ықшам ауданындағы пәтерде тұрып жатады. Бір апта өтпей жатып жас келін түрлі қылық шығара бастаған. Үлкенді сыйлауды былай қойсын, өзі жатқан төсек-орнын жинамайды екен. Күні бойына телефон шұқып, бөлмеде қамалуды әдетке айналдырған.
Осыны байқаған енесі Айсара таңғы ас кезінде: «келін өзін олай ұстауға болмайды, шай құйып, отбасының ұйытқысы болу керек» деп ескерткені сол екен, ашуға булыққан Айнаш «шай ішкің келсе өзің құйып ал!» деп кеседегі жаңа құйылған ыстық шайды енесінің бетіне шашып жіберген.
Салдарынан 56 жастағы Айсараның оң жақ беті мен мойыны күйіп қалған. Келмей жатып, "қорқынышты концерт" қойған келіннен шошыған отбасы ұлдарынан «әйел мен ананың бірін таңдауды» сұраған. Жалғас ойланбастан жас келіншегін жетектеп бір түнде төркініне апарып тастады.
Ал 2013 жылы бұқаралық ақпарат құралдары Жамбыл облысының тұрғынының енесіне қол көтергені жайлы жарыса жазды. Отар ауылының 84 жастағы тұрғыны Сара Әбдірәсілова өз келінінің мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бола тұра сондай әрекетке барғанын алға тартқан. Күйеуімен ажырасқалы жүрген келіні үйінен заттарын алып кетуге бірнеше әріптестерін ертіп келген.
84 жастағы кейуананы мұғалімдер балалар бөлмесіне қамап тастаған екен. Бұл деректі анықтау үшін аудандық білім бөлімі құрған комиссия жұмысының қорытындысы бойынша Сара әжей мен ұлының шағымы негізсіз болып табылды.
«Ол сұрақтың бәрі жабылған, ол факт анықталған жоқ, ол сол кезде-ақ жабылып қойды ғой», — дейді Қордай аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлжан Садабаева.
Атырау облысына қарасты Таңдай селосында өз үйінің ас бөлмесінде ыдыс аяқ жуып жатқанда енесімен сөзге келіп қалған келін оның бетінен ұрып, жерге құлатқан. Соның салдарынан енесі Махамбет аудандық ауруханасына түседі.
Келінге Қылмыстық кодекстің 107-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған. Басты сот талқылауында сотталушы өзінің әрекетіне өкінетіндігін, жәбірленушіден кешірім сұрағанын, ал жәбірленуші сотталушының өз баласының жолдасы болғандықтан онымен медиация тәртібімен татуласқанын, ешқандай талабы жоқ екенін, кешірім бергенін айтқан.
Ал күні кеше ақтөбелік 75 жастағы Әжібек Молбаева келіні мен туған ұлынан қорлық көріп, қызының үйін сауғалап отырғанын айтқан болатын. Кейуананың сөзінше, келіні тамақ бермей, енесі аузын ашса қол көтерген.
Келіннің айтақтауымен кенже ұлы да шешесін сабап, зейнетақысын тартып алып отырған. Енесінің атындағы үйін де келіні «сатып алдым» деп нотариус арқылы рәсімдеп алған.
«Олар адам емес, екеуі де қарақшы. Үстімдегі үйімді алып, тамақ бермей аш ұстады. Күнде оларды қарғап отырмын. Мен ол үйді өзіммен алып кетпеймін, қара шаңырағым соларға қалмай ма? Келінім нотариусқа екі рет алдап апарып, сол кезде үйді өзінің атына жаздырып алған. Мен оны кейін білдім. Маған «Зейнетақыңыз өсейін деп жатыр, екі құжатқа қол қоюыңыз керек» деп ертіп апарды. Ондай жағдайды ешкімнің басына бермесін. Әлпештеп өсірген балам бұлай жасайды деп ойлаған жоқпын. Мен оларды өмірде кешірем бе?!», - дейді Әжібек Молдабаева.
Өмірде ел естімеген түрлі мінез-құлықты келіндерге куә бола аласыз. Құлаққа үйреншікті болып кеткен ене мен келін қатынасынан бөлек, қайын атасымен "өштесіп" жүрген келіндер де бар болып шықты.
Естеріңізде болса, өткен жылы Ақтөбеде қайын атасының жыныс мүшесінен теуіп атағы шыққан келін туралы хабарланған болатын. Ол өзінің қайынатасымен жақын қарым-қатынаста болғанын мойындап, болған жайтты елге жайып салған еді. Келіншектің бар құпиясын бұлай ашып салуына қайын атасының әңгімесі себеп болған.
Ол отбасының ортақ танысына келіні көргенсіз, мінезі нашар екенін, үйде болған жанжал кезінде жыныс мүшесінен теуіп жібергенін айтқан. Туыстарының арасында «қайын атасының әуретті жерінен тепкен келін» деген аттаққа ие болған келіншек қайын атасын масқара қылатынын айтқан еді.
Қашан да қайын жұртының үлкен адамдарына иіліп сәлем жасаған қазақ келіндерінің әдепсіздікке баруы еш қисынға келмейді. Осы сынды оқиғалар легіне қарап, "Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде" екенін тағы мойындауға тура келеді.
Тағы оқыңыздар:
Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болған Джеки Чан әншімен арнайы кездесті (фото)
Сапарбаевтың Қызылорданы басқарып отырған інісі өзіне сұрақ қойғандарға ұрысып тастады
Алматы облысында өз әйелін пышақтап өлтірген жігіт 16 жылға сотталды
Атырауда өзін-өзі өртемек болған прокурордың көмекшісі мәлімдеме жасады
Қазақстанда өлімге апаратын ойынның алғашқы құрбандары белгілі болды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1400384-enesin-tayaqtynh-astyna-alghan-kelinder/