Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЛГБТ өкілі еліміздегі қалталы гейлер туралы айтып берді (видео)

Жарияланған күні:

Қазақстандағы ЛГБТ өкілдерінің құқығы үшін күресіп жүрген 29 жастағы Әмір Шайкежанов еліміздегі қалталы гейлер туралы айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Гомофобия туралы

Менің жолым болды, әзірге гомофобияны басымнан өткермедім. Мемлекет гомофобияны білместіктен қолдап отыр деуге болады. Адамдарды жұмысынан қуып, дискриминациялайды, тіпті қоқан-лоққы көрсете алады.  Менің Facebook парақшамда кемінде 30 шақты адамның мен секілді адамдарды атып, өлтіріп тастау керектігін тілеген жазбасы бар. Сол уақытта БҰҰ ЛГБТ құқын қорғау мәселесін көтеріп, мемлекет бәрі жақсы екеніне сендіруде.

Отбасы мен достардың көзқарасы туралы

Менің отбасымда тұлғаны сыйлап, оның адами қасиеттерін бағалауға үйренген. Бір қызығы, әкем менің дәстүрлі емес жыныстық көзқарасымды сабырмен қабылдады. Ол үшін менің бақытты болуым және әр әрекетіме жауап бере алуым маңыздырақ болды.

Достарыма келетін болсақ, бұл тұрғыдан да жолым болды. Олар маған ала көзбен қараған емес.

Ғашығы туралы

5 жасымда-ақ гей екенімді сезетінмін. Бірақ өзім секілділер жоқ деп ойлағандықтан, өмірімнің соңына дейін жалғыздықта өмір сүремін деп ойлап келдім. Кейін интернет арқылы бірдей көзқарастағы адамдарды табу мүмкін екенін түсіндім.

Кей гомосексуалдар өз табиғатын түсіне алмай, ақыры бақытынан, қалауынан айырылып жатады.

Балалар туралы

Мен бақытты болу үшін баланың еш қажеті жоқ деп санаймын. Балаларды жақсы көремін, дегенмен балалы болу ойымда жоқ.

Ал біржынысты некедегі адамдардың бала асырап алуы тәжірибеде бар. Және ондай отбасында өскен балалардың қарапайым отбасында өскен балалардан еш айырмашылығы жоқ.

Гейлер мен қалталы азаматтар туралы

Мен орта таптың өкілімін (Әмір Шайкежанов – сату жөніндегі менеджер – NT ескертпесі), элита мен саяси институттарға еш қатысым жоқ. Дегенмен өз тәжірибесінде жоғарғы тап өкілдері арасынан гомомсексуалдар мен бисексуалдарды кезіктірген адамдарды білемін. Олар, тіпті билік өкілдері арасында бар. Алайда мемлекет те, қоғам да бұған бей-жай қарамайтындықтан, олар көзқарастарын жасыруға мәжбүр.

Гейлер мен лесбилердің қиындықтары туралы

Әйелдерге біздің қоғамда өмір сүру оңайға түспеуде. Дегенмен агрессияның денін ерлер тарапы байқатып жатады. Гомосексуалдар арасында ер азаматтарды ерекше жек көреді. Әйелдерге қоғам әлдеқайда жеңіл көзқараспен қарайды.

Мен біздің ешкімнен айтарлықтай айырмашылығымыз жоқ екенін жұрттың түсінгенін қалаймын... Біз бір елде тұрып жатқанымызды түсінген кезде үздік он елдің қатарына кіруіміз де жылдамырақ болмақ... Біз бір-бірімізді сыйлап, бағалай білуіміз керек.

Видео: youtube.com / Newtimes kz

Тағы оқыңыздар:

Германияда жаңа президент сайланды (фото)

Бульдозердің үстінде түсірілім жасаған жас жұбайлар елді таң қалдырды (фото)

Африкада жыртқыш аңдармен "дос" болып кеткен француз қызы туралы не білесіз?

Танымал қазақ ақыны өмірден озды

Шашы ағарып кеткен Мейрамбек Беспаев адам танымастай өзгерді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1406807-lgbt-okili-elimizdegi-qaltaly-geyler/