Шымкенттік дін қызметкері халықты елбасы мен оның отбасына дұға етуге шақырды
Жарияланған күні:
Оңтүстік Қазақстан облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Нұржан Тұрсынбай жастарды елбасы мен оның отбасына дұға етуге шақырды.
Директордың ойынша, мемлекет басшысы көңіл күйіне қарай қоғам үшін қажетті заңдарға қол қояды деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.
Шымкентте «Жастар ресурстық орталығында» жергілікті жастар қауымымен кездесу өтті. Оған қатысқан облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Нұржан Тұрсынбай, психолог мамандары және тағы басқа спикерлер кәмелетке толмаған жастар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын-алу және түрлі діни ұйымдардың іс-әрекеттерінен қорғау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мақсатында сөз қозғады. Одан өзге олар қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
«Мемлекет басындағы азаматтардың барлығы біздер мен сіздердің ұйқыларыңыз тыныш болсын деп жұмыс жасап жатыр... Мен Америкада жылытатын құбырларды құшақтап ұйықтап жатқан адамдарды көрдім .Сонда «Америкада осындай адамдар бар ма?» деп сұрадым... Олар бізге әдемі үйлерді, керемет киноларды көрсеткенге біз мәз боп «Америка, керемет» деп жүрміз. Бірақ ол жердің де қандай жағдайға екенін көріп отырмыз. Сол себептен, бауырым, сенің негізгі мақсатың қазір тек біліміңді алып, жақсы білікті маман болуға тырыс», - деген орталық директоры Нұржан Тұрсынбай саясатта жүргендерге тағы да тоқталып өтті.
«Саясат мәселесінде үлкен-үлкен ағалар бар, жұмыстар жасап жатыр. Мен бірақ айтар едім, елбасы үшін біз бәріміз дұға етіп отыруымыз керек. Елбасының аман болуы, ол кісінің көңіл күйі жақсы болса, ол кісінің отбасы аман болса, ол кісі тек қоғамның жақсы мәселелері үшін заңға қол қояды. Сол себептен әр уақытта еліміздің басшысына, отбасына дұға қылуымыз керек», - деді Нұржан Тұрсынбай.
Тағы оқыңыздар:
Желіде Атырауда 23 жастағы жігітті қалай өлтіргені туралы видео пайда болды (18+)
Шымкентте хиджабқа оранып алса да шылым шегуден ұялмайтын қыздар көбейген
Қызылорда облысында бүйірінде "Алла және Мұхаммед" деген жазуы бар қозы туды (фото)
ЛГБТ өкілі еліміздегі қалталы гейлер туралы айтып берді (видео)
Башар Асад биліктен қашан кететінін айтты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1406831-shymkenttik-din-qyzmetkeri-eldi-elbas/