Атырау облысында 65 мың адамды ЭКСПО-ға баруға міндеттеп отыр
Жарияланған күні:
Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне Атырау облысынан 65 мың адам баруы тиіс. Облысқа осынша квота бөлінген деп жазады Ақ Жайық.
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева екінші деңгейлі банктер мен басқа қаржы ұйымдарының өкілдерімен кездесу кезінде хабарлады.
Кездесу облыстық әкімдік ғимаратында өтті және көрме билеттерін сату мәселелеріне арналды. Сату операторы болып табылатын «Қазпошта» АҚ жергілікті филиалының директоры Бауыржан Өтебаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Атырау өңірі сатылған билеттер саны бойынша 3-орында тұр. Бір рет кіретін билет құны 4 мың теңгеден басталады. Ал бұдан басқа біздің қымбат астанамызға бару жолақысы, тұру және тамақтану шығындары бар.
"Айтыңызшы, сіздің штатыңыз қанша және ЭКСПО-ға қанша адам барады?"– деп сұрады Әжіғалиева банктердің бірінің өкілінен.
"ЭКСПО-2017"-ге баратын жалпы қызметкерлер саны 20 пайыздан кем болмасын. Егер одан көп болса, онда тіпті жақсы. Біздің облысымыз үшін квота берді, бізден қатысатын адам саны 65 мыңнан кем болмауы тиіс. Сондықтан Қозыбақ Әбуұлы (Ұлттық банк филиалының директоры Қ. Құлбарақов), сізден банктерде қанша адамның жұмыс істейтіні және қаншасы баратыны туралы ақпаратты жинақтауды сұраймын. Бұл тек билет қана емес, іссапар болады. Шетелдегі осындай көрмеге баруға көп адамның мүмкіндігі болмайды, сондықтан, ең болмаса Астанаға барыңыздар. Отбасыларыңызбен баруға болады, жаңа нәрселермен, жетістіктермен танысыңыздар. Еліміз бірнеше жылдан бері бұған әзірленуде, президент соншама көңіл бөліп отыр. Тапсырма бере алмаймын, бірақ барғандары жақсы", - деді облыс әкімінің орынбасары.
Кеңестен кейін мен Әжіғалиева барушылар ретінде жіберілетін қызметкерлердің жолақысы мен тұру шығындарын кім төлейтінін нақтылады.
"Мекеме қызметкерлерінің өздеріне бұл тиімсіз болады, әрине, бірақ ұйымдар өз қызметкерлерін қызметтік іссапарларға немесе көрме өтетін күндері оқытуға жібере алады", - деп жауап берді әкім орынбасары.
Тағы оқыңыздар:
Жарты әлемді мойындатқан Димаштың бала кезіндегі сұхбаты елді сүйсінтті (видео)
Кәсібін жұмыртқа сатудан бастаған бүлдіршін 8 жасында миллионер атанды (фото)
Мөлдір Әуелбекова өзінің шоу бизнестегі "қара тізімге" енгенін айтты
Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болып, жел күшейеді
Астанада тұрғын үй кешендерінің бірі отқа оранды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1414353-atyrau-oblysynda-65-mynh-adamdy-ekspo-gha/