Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімдігіндегі аула сыпырушы қызметтік көлікпен сүйіктісін қыдыртып қайтты (видео)

Жарияланған күні:

Алматы әкімдігінің "аула тазалаушысы" мас күйде қызметтік көлікті басқарамын деп полицейлерге ұсталып қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы patrul.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адам полицейлердің сұрақтарына жауап бере отырып, үш рет жұмыс орнын "ауыстырған". Бастапқыда өзін мемлекеттік әкімшілік бөлімінің басшысы ретінде таныстырған азамат кейін жүргізушімін деп сөзінен жалтарған. Ал жағдай тіпті ушыққанда, қарапайым "аула тазалаушы" болып шыққан.

Белгілі болғандай, полицейлер Toyota Corolla көлігін тура қала орталығында мемлекеттік нөмірсіз жүргені үшін тоқтатады. Рөлдегі азамат тәртіп сақшыларына өзін қала әкімшілігі бөлімшелерінің бірінде басшы полицеймін деп таныстырған.

Жүргізушінің үстінен ішімдік иісі мүңкіп тұрғанын байқаған полицейлер оған сараптамадан өтуді ұсынады. Бұл ұсынысты жақтыра қоймаған ер адам полицейлерге қоқан-лоққы көрсете бастаған.

Көп ұзамай қызметтік көлік расымен де қала әкімдігіне тиесілі екені анықталды. Ал полицейлермен әңгіме ұзаққа созылғанын байқаған ер адамның қасындағы жолаушы әйел оқиға орнынан асыға кетіп қалды. Әйелдің асыққаны соншалық, көліктің артқы орындығында гүл шоқтарын ұмытып кеткен.

Сараптамадан өткісі келмеген азамат ақыры бас тартқаны туралы актіге қол қоюға мәжбүр болды. Бұл жайттан қатты көңілі түскен әкімдіктің "аула сыпырушысы" көлігіне отырмай, жаяу кетіп қалған. Ал қалып қойған қызметтік көлікті полицейлер айыппұл тұрағына алып кетті.

Ендігі көліктегі азамат көлік жүргізу құқығынан айырылып, жұмысынан қуылуы ғажап емес.

Видео: Дорожный Патруль

Тағы оқыңыздар:

Азат Перуашев: Мен әйелімді мың есе артық жақсы көремін

БҚО тұрғыны облыс әкіміне ел президенті болуды ұсынды

Атамбаев 2010 жылы қырғыздардың құрбан болуына Қазақстанды кінәлады

Димаш қытайлық жанкүйерлердің арқасында жұлдыз болғанын мойындады

Атырау облысында 65 мың адамды ЭКСПО-ға баруға міндеттеп отыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1414612-almaty-akimdigindegi-aula-tazalaushy/