Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балаға таласқан екі ана ортақ шешімге келе алмай әлекке түсті

Жарияланған күні:

Алматы қалалық сотында бір балаға таласқан екі ананың ісі жалғасуда. 2 жастан енді асқан Жеңісті нәресте кезінде бөбектер үйінен қамқорлыққа алып, артынша асырап алған Гүлжан Қилыбаеваға соттың шақыртуымен баланың туған анасы қарсылық танытып отыр. Бірі мен тудым десе, екіншісі мен бақтым дейді.

Жеңіс есін білгелі өзін қамқорлыққа алған жұбайларды әке-шеше деп таныған. "Оны қазір бет-жүзі бөтен туған анасы алып кетсе, баланың онсыз да нәзік психологиясы бұзылады", - деп алаңдайды Гүлжан.

Десе де сот басымдық биологиялық анада деп қамқоршы отбасыға баланы қайтару жөнінде шешім де шығарып қойған. Алайда, Қилыбаеваның заңгері бұл баласын бір де бір рет іздеп келмеген ананы мәжбүрлеп тауып, асырап алу құпиясын бұзған сот қателігі екендігін айтуда.

Бұл жолы аппеляциялық сот шешімі тағы кейінге шегерілді, судья қос тарапты бітімгершілік келісімге келіп, баланы ортақтасып бағуға шақырып отыр.

"Ешкім баланы бірден тартып алып кетейін деп тұрған жоқ. Бүлдіршіннің жүйке жүйесіне соққы бермес үшін екі тарап ортақ келісімге келіп, баланы біртіндеп туған анасына үйретіп, беру керек. Бірақ 1 жылдан бері Қилыбаева баланы көрсетпей қашып жүр", - дейді Биологиялық ананың заңгері Оксана Буряк.

Тағы оқыңыздар:

Бақытбек Есентаев Баянға опасыздығы үшін қол көтергенін мойындады

Келіні мен туған ұлынан таяқ жеген кейуана Сапарбаевқа жылап келді (фото)

Латвиялық сот әлеуметтік желіде орыс тілінде жазған мэрді жазалады

Зиялыларды еске алып, бір минут үнсіздік сақтау шариғатқа қайшы ма?

Назарбаев пен Путин дүйсенбі күні Алматыда кездесетін болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1418115-balagha-talasqan-eki-ana-ortaq-sheshimge/