Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да мұғалімдер сағатын көбейту үшін сау балалардың тағдырын ойыншық қылды

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстандағы Бәйдібек ауданында мұғалімдер бірінші сыныпқа барған 10 оқушының сыртынан ақыл-есі дамымаған деп жалған құжат жасап, оларды мүгедек ретінде өзге балалардан оқшаулаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Инклюзивті сынып ашып, оқушыларды соған өткізу үшін ата-ананың рұқсатын директор мен мұғалімдердің өзі жазып отырған. Өзге оқушылардан жынды деген мазақ естіп жылаған 10 баланың жайын ата-аналар тек жарты жылдан кейін біліп отыр.

"Бұның бәрі не үшін керек болды?" деген сұрағымызға Сейдуалы Ғазима мен психолог  сағат ашу үшін  керек болды деді. Балам онсыз да қазір миынан мүгедек боп қалды. Мен жынды емеспін тәуір баламын ғой деп жылайды", - дейді оқушының анасы Жазира Елшібекова.

Құзырлы орындарға өткізілуі тиіс ата-ананың жазбаша рұқсатын мектеп басшылығы сырттай өздері дайындап отырған. Ұл-қызы мектепке барудан бас тартып, инклюзив жайын білген әке-шешелерінің арызынан соң ғана психолог пен сынып жетекшісі және директор жұмыстан қуылды. Ал қыркүйекте «оқушылардың ақыл-есі дамымаған» деп қорытынды шығарған мекеме даудан соң бәрін бірдей қалыпты бала санына қоса салған.

Аудандағы білім саласы былыққа батқанын жауапты басшылар да жасырмайды. Айтуынша, әу баста сынып инклюзив емес коррекциялық сынып ретінде ашылған. Алайда коррекциялық дегенді оқушылар түгілі директор дұрыс түсінбей бүкіл елді шатастырып тыныпты.

Жалған құжат жасаған директор мен екі мұғалім жұмыстан қуылса да іс әлі біткен жоқ. Қазір олардың мәселесін прокуратура қарап жатыр. Сондай-ақ, білім саласының шенеуніктері Бәйдібек ауданының бүкіл мектептерін тексермекші.

Тағы оқыңыздар:

Елбасы Конституцияның 26-шы бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды

Ұрлаған алтындарын сүйіктісіне сыйлаған ақтөбелік полицей ұятқа қалды

Баян Есентаеваның болашақ жары әйелімен ажырасу үшін арыз түсірді

22 жастағы ақтөбелік бойжеткен анасын өлімнен арашалап қалды (фото)

ЭКСПО-ға кететін үш миллиард долларға не істеуге болады?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1425528-oqo-da-mughalimder-saghatyn-kobeytu-ushi/

pixel