Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалақысының 1 миллионға көтерілгенін естіген депутаттар қатты қуанды

Жарияланған күні:

Саясаткерлер де, қарапайым халық та бірауыздан парламенттің айлығының көтерілгені әділетсіздік деп жатыр. Ал депутаттардың болса, күн-түн демей, демалмай істеген жұмысымыздың жемісі деп қуаныштарында шек жоқ деп хабарлайды 31 арна.

Дегенмен, министр кезімде қазіргіден 500 мың теңге артық алатынмын деп жалақысына әлі де көңілі толмайтындар да болды.

-Айлықтарыңыз көтеріліпті, құттықтаймыз. Естігенде қуандыңыздар ма?

- Әр адам қуанады ғой. Министрлермен бірдей айлық қойып жатыр", - дейді парламент мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен.

"Әрине, біз қуаныштымыз. Біздің атқарып отырған жұмысымыздың көлемі де үлкен. Шамамен 300 бет оқу керек. Біз бұған лайықпыз деп ойлаймын", - дейді парламенті мәжілісінің депутаты Серік Сапиев.

Парламентке күні кеше келген спортшы Серік Сәпиевтен бастап мәжілісмендердің барлығы жалақыларының 200 мың теңгеге дейін өскеніне қатты қуанышты. Яғни, депутаттар бұрын орта есеппен 500 мың теңге алатын болса, 1 наурыздан бастап еңбекақылары бір миллион теңгеге жеткен.

Қарапайым жұрттың тек несиемен ғана қолы жететін миллионды енді ай сайын мемлекеттен алып отыратын мәжілісмендер бұл жалақыға лайықтымыз дейді. Күн сайын көз жанарымызды құртып 300 беттік заң жобасын оқимыз, жүктелген жұмыс ауыр деп ақталды. Оның үстіне 2004 жылдан бері жалақымыз көтерілген жоқ, сондықтан үкімет әділ шешім шығарды дейді.

"Беріліп жатқан жалақы лайықты болса, еңбегіне байланысты болса кім одан қашады?", - дейді парламент мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл.

Ал бұрынғы министр, қазіргі мәжілістің вице-спикері Владимир Божко депутаттардың жалақысы министр орынбасарларының еңбекақысымен теңесті дейді. Ал өзі министр кезімде қазіргіден 500 мың теңгеге көп алатынмын деп есептеп те қойыпты.

"Депутаттар мен министрлер орынбасарларынан мен айтарлықтай аз аламын", - дейді парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Шымкентте бір топ қалыңдық кала көшесінде шеру өткізіп, ақша жинады

Оралда бастығын айуандықпен өлтірген шенеунік сотта жауап беріп жатыр

Семей жұртын үрейлендіріп, жаппай бұзақылық жасаған 20 жігіт ұсталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1461620-deputattar-enhbegi-elenip-zhalaqysyny/