Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық азамат бәйбішесінің рұқсатымен өзінен 20 жас кіші қызға үйленді (фото)

Жарияланған күні:

Елімізде заңды түрде екі әйел алуға рұқсат берілмесе де, ер азаматтардың арасында қос-қостан жар сүйіп, бақытты ғұмыр кешіп жатқандар жоқ емес. Астаналық 46 жастағы азамат екі әйел ала тұра, шаңырақты шайқалтпай ұстаудың сырымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Шаяхмет Баимбетов алғаш рет 21 жасында отау құрған. Қазір үлкен ұлын ұяға қондырып, немере сүйіп отыр. Ол отбасының береке-бірлікте, тату-тәтті өмір сүріп жатқанын айтады. Шаяхмет Баимбетов екінші жар сүю туралы шешімге келуге не түрткі болғанын түсіндірді.

«Мен 1992 жылы үйлендім. Бір қиын заман еді. Күнкөріс қамы өте қиын болды. Ол жылдары бала мәселесі екінші орында болды. Сонымен уақыт өткізіп алдық. Сонымен бір ұл, бір қызбен қалып кеттік. Жас келіп қалған соң, тағы бір ұлды-қызды болсақ деген арман болды. Сол себепті осындай шешімге келдік»,- дейді ол.

Шаяхмет Баимбетовтің екінші жары өзінен 20 жас кіші екен.

«Кіші дегенімізбен ақыл-есін тоқтатқан, өмірді көрген, әп-әдемі аяулы қыз. Қазір бәріміз бірге тұрып жатырмыз. Менің үлкен келіншегімді «тәте», «әпке» деп сыйлайды. Ол да оны сіңлісіндей көріп жүр. Аллаға шүкір», - дейді қос жар сүйген азамат.

Оның айтуынша, екі әйелге бірдей жағдай жасау, дүние әперу - екінші мәселе. Бастысы, ерлі-зайыптылар бір-бірінің көңілін таба білуі керек.

Шаяхмет Баимбетов алғашқыда, екі жарын бірдей алып жүрген кезде адамдардың оларға үрке қарағанын жасырмады.

«Жігіт жолдассыз болмайды. Көңіл көтеретін отырыстарға, барлық жерге бірге барып жүрміз. Аллаға шүкір, барлығы жақсы көзбен қарайды. Алғашқыда үрке қарайтын еді, қазір іздейтін боп жатыр», - дейді ол.

Шаяхмет Баимбетов екі әйел алғысы келетін жігіттерге өз ойын айтуды да ұмытпады.

«Екі әйел алу үшін жігіт бәрін жүрекке сыйдыра білу керек. Шешім қабылдамас бұрын жан-жақты ойлану керек. Бұл әркімнің қолынан келе бермейтін іс», - дейді ол.

Шаяхмет мырзаның бір шаңырақ астында тұратын қос жары үйдегі тірліктің бәрін бөлісіп алған көрінеді.

«Үлкен жеңгелерің үйдегі немерелерге қарап отырса, кіші жарым тамақ істеу, үй жинау сияқты шаруаларды атқарып жүр. Бәлкім, біреулер қызығатын да шығар», - дейді ол миығынан күліп.

Шаяхмет Баимбетов өзінің кіші жар алғанын ешкімнен жасырмайды. Осылайша ол зинақорлық жүріс жасап жүрген басқа жігіттерге қарағанда өзінің беті ашық екенін алға тартады.

«Елге барып, беташарын жасап, некемізді қидырып, үлкен кісілерден батасын алып келдік. Бәрі ашық, жария түрде болып жатыр. Сондықтан қорқыныш та жоқ, қымсыну да жоқ. Зинақорлық жүріс жасап, басқа қыздарға тығылып қарап жүргендерге қарағанда өзімді жүзім жарқын деп ойлаймын», - дейді астаналық азамат.

Мақала ҚР заңнамасымен қорғалған. Мақаланы көшіріп басуға сайт әкімшілігі рұқсат етпейді. 

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Алматыда қайтыс болған студенттің өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Атыраулық атышулы полицей Манарбек Өтеуов тағы да сотталды

Астанада жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1464370-astanalyq-azamat-baybishesininh-ruqsa/