Отандық жұлдыздың жүрегін жаулаған миллионердің қызы туралы не білеміз? (фото)
Жарияланған күні:
"Aл Давай" тобы әншісінің таңдауы түскен сұлу Әнелдің аты-жөні ел аузында бұрыннан жүр. Баталовтар өз ісінде жетістікке жеткен адамдар ретінде танымал деп хабарлайды NUR.KZ.
Әнелдің атасы - Ануар Қасымұлы мәжілістің бұрынғы депутаты, ал әжесі Элеонора Баталова "Алматыкітап баспасы" директорлар кеңесінің төрайымы. Әкесі, белгілі кәсіпкер Райымбек Баталов өзінің бизнес жобаларымен танымал. Райымбек Баталов бірінші жары Гүлмира Баталовамен Әнел 13-ке толғанда айырылысып кеткен.
Әнел бауыры Әнуар екеуі Еуропада білім алған.
"10 сыныптан бастап Швейцарияда оқыдым, сол жақта университет бітірдім. Содан кейін жарты жыл британдық баспахана Macmillanда тәжірибе жинақтадым", - дейді өзі туралы Әнел республикалық журналдардың біріне берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, "Aл Давай" тобының әншісі Шоқан Маратұлы еліміздегі ең бай кәсіпкерлердің бірі Райымбек Баталовтың қызына үйлену туралы ұсыныс жасады.
Райымбек Баталов Алматы хайуанаттар бағын дамыту қорының қамқорлық кеңесінің басшысы, сонымен бірге Raimbek холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы. Бұдан бөлек, Әнелдің әкесі Forbes журналының қазақстандық нұсқасындағы ең үздік 50 бизнесмені қатарына енген.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Апатқа ұшыраған Ернар Айдар есін жиды (фото)
"Aл Давай" тобының әншісі еліміздегі ең бай бизнесменнің күйеубаласы атанды (фото)
Қазақтың модель қызы іш киімді жарнамалағаны үшін ұялмайтынын айтты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1466236-otandyq-zhuldyzdynh-zhuregin-zhaulaghan-m/