Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдік бизнесмен бай қазақтар үшін Мальдив аралынан салтанатты шипажай ашты (фото)

Жарияланған күні:

Қазақтардың сән-салтанатқа жаны жақын екенін байқаған Мальдив кәсіпкері Джумейра Виттавелидегі корольдік вилланы еліміздің элита өкілдеріне таныстырды. Шетелдік бизнесмен ол үшін Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірін таңдаған. Ол корольдік виллаға болашақта ат басын сұғуы мүмкін деген қалталы алматылықтарды таныстырылым кешіне шақырыпты.

Бұл туралы L'Officiel hommes басылымы жазады деп хабарлайды NUR.KZ. Таныстыру кешін  депутат Гүлжан Қарағұсованың Мальдив аралында жиі демалып тұратын күйеу баласы Бейбіт Әлібеков жүргізген.

Жиналған қонақтардың арасында белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген, Rolls-Royce Motor Cars Almaty директоры Асқар Білісбеков, Виктория Моминбаева, Әсел Сәдуақасова сынды танымал тұлғалар төбе көрсетті. 

Джумейра Виттавелидің бас директоры Амит Маджумдердің айтуынша, Қазақстанға алғашқы сапарында ол қазақтардың сән салтанатқа ерекше ықылас танытатынын бірден байқаған.

Корольдік шипажайдың таныстырылымында кәсіпкер виллаға тоқтаған қонақтардың бұрын-соңды көз көрмеген жағдаймен қамтамасыз етілетінін айтты.

Джумейра Виттавели атты салтанатты шипажай Болифуши аралында орналасқан. Оған халықаралық Мале әуежайынан мұхит арқылы 20 минутта жетуге болады.

Мұнда келген туристерге жоғары класты қызмет көрсетіліп, сәні мен салтанаты келіскен ыңғайлы жағдай жасалады. Шипажай табиғаттың сұлулығымен әдемі үйлескен.

Директорының айтуынша, Джумейра Виттавели қонақтарға Үнді мұхитын тамашалауға болатын 89 аралдық вилла мен төрт мейрамхана, спа-орталық, балалар клубы, дайвинг орталығы мен тәулік бойы фитнес орталығы қызметін ұсынады. Амит Маджумдер қазақстандықтардың кішкентай арал туралы көп білетініне қатты таңғалып отыр.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

2 млн лүпіл жинаған "суперселфи" әлем назарына ілікті (фото)

Мысырлық суретші ұзындығы 700 метр болатын Құран кітабын әзірледі (фото)

Ұлынан алимент өндірмек болмаған 73 жастағы кейуана одан таяқ жегенін айтып, зар иледі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1484545-maldiv-kasipkeri-san-saltanatty-una/