Кез-келген уақытта есінен танып қалатын семейлік тұрғын бірінші топ мүгедектігін ала алмай жүр
Жарияланған күні:
Семейде талма дертіне душар болған азамат өзін тексерген комиссияның шешіміне наразы деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
26 жастағы Нұрсұлтан Әлжановтың айтуынша, 12 жылдан бері аталмыш сырқатпен ауыратын көрінеді. Алайда оған өмірлік зейнетақы тағайындап беруге мамандар құлықсыз.
«Ең алғаш рет мен сәби кезімде есімнен айырылыппын. Одан кейін, ол қайталанған емес. Өкінішке орай, 14 жасқа толғанда мектеп қабырғасында талып қалдым. Содан бері, жиі қайталанатын болды. Бүгінде, ел қатарлы жалғыз өзім жүре алмаймын. Қайда барсамда, анам бірге жүреді. Себебі, кез келген сәтте құлап қалуым мүмкін. Соны білсе де, маған екінші топ мүгедектігін тағайындады», - дейді Нұрсұлтан Әлжанов.
Бүгінде дерті асқынып кеткен. Тек дәрінің көмегімен ғана жүріп-тұруға мәжбүр.
«Жұмысқа жарамсызбын. Маған ота жасауға да болмайды. Аяқ-асты өліп кетуім мүмкін. Дәрігерлердің өзі осылай деп отыр. Оларға, Астанадағы мамандар сондай шешім шығарып беріпті. Өйткені, бір айда бес-алты рет талып қалдым. Кейде, 15 мәрте құлаған кездерім бар.
Тіпті, қоғамдық көліктің ішінде де, талып қалған едім. Қазір, олар менің түрімді жаттап алған. Кірсем бірден орын тауып отырғызуға тырысады. Ал комиссияның алдына қанша барсамда, бірінші топ мүгедектігін ала алмай жүрмін», - дейді Нұрсұлтан Әлжанов.
Нұрсұлтан Әлжановтың біржақ қолы мен жанбасы толықтай күйіп қалған. Мүгедек азамат моншада талып түсіп, пештің темірінде ұзақ жатып қалған екен. Соның кесерінен, қолынан икем кеткен.
Нұрсұлтан Әлжанов енді бірінші топ мүгедектігін тағайындауға Астаналық мамандардың көмек күтуде.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Қымбат көлік тізгіндеген прокурордың көмекшісі Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты туралы айтты
Бес жыл бойы қазақтарды жалықтырмаған "Келін" телехикаясы не себепті түсірілгенін білесіз бе?
Жетпіс жастағы ақсақал Назарбаевтан жалынып, көмек сұрады (видео)
Құрбысын туған күнінде скотчтап тастағандар елді дүрліктірді (видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1491674-monshada-talyp-peshtinh-temirinde-uzaq-zh/