Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айына 1,5 миллион теңге тапқан стриптизші қазақ қыз қалай танымал кәсіпкерге айналды? (фото)

Жарияланған күні:

Алматыға келіп, ақша табу үшін стриптизші болған 23 жастағы бойжеткен бүгінде белді кәсіпкер атанып, жеке кәсібін дөңгелетуде деп жазады newtimes.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ.

"Мен Қарағандыда туғанмын. 2001 жылға дейін өмірім бірқалыпты болды. Таршылық көрмедік, отбасымызда менен бөлек екі бауырым бар. Мектепті үздік оқыдым, би үйірмелеріне қатысатынмын", - деген бойжеткен отбасында күтпеген жағдайдан кейін өмірі түбегейлі өзгергенін айтады.

Тағы оқыңыздар: Қостанайлық 10 жастағы баланың өліміне қатысты жантүршігерлік жайттың беті ашылды

"Үйіміз өртеніп, әкем жұмыстан қысқарып, 15 жасымда анам қолымда көз жұмды. Шешем кәріс ұлтынан, әкем қазақ. Осылайша бір сәтте барымыздан айырылдық. Осындай қиын кезеңде би билеу менің табыс табуыма септігін тигізді. Тойларда өнер көрсетіп, бөтелке мен темір теріп, бала күтуші болып та жұмыс істедім", - дейді ол.

Бірақ, анасының өлімінен кейін әкесі екінші әйел алып, өгей анасымен Аделяның тіл табысулары қиындаған.

"Қазақтар жылы өткенін күтпей ма?! Әкем бірақ олай істемеді, өгей анаммен қарым-қатынасымыз нашар болды. Біз жиі ұрсысатынбыз, кейде маған ол қол көтеретін. Өзімде кішкентай ақымақ қыз болдым, әкемді де, оны да түсінгім келмейтін. Осылайша маған ашуланған әкем мені үйден қуып шықты", - деп еске алады Аделя.

"Мен Алматыға кетуге  бел байладым. Әкем мен өгей анама қатты ренжулі болдым. Қалтамда 5 мың теңгем ғана бар. "Әке, сен жаңа әйеліңмен тұра бер" деп, бір ғажайыпқа сеніп, қалаға тартып кеттім", - дейді бойжеткен.

Алматыға келіп 10 мың теңгеге пәтер жалдаған Аделя колледжде оқып, даяшы болып күнін көрген.

"Мен ол кезде ойында түк жоқ бала болатынмын. Мейрамханаларда "сынақ мерзімі" деген желеумен тегін жұмыс істеп, бір тиын алмай жүргеннен шаршадым. Қыздармен бірге жалдаған пәтерімізге төлейтін ақшам қалмай, бір күні ішіп алған қожайын түнгі сағат үште мені үйден қуып шықты. Жанымда тағы бір қыз болған, оның баратын таныстары бар, мен болсам сөмкемді құшақтап далада отырдым. Содан жаныма бір ағай келіп, менен не болғанын сұрады. Жағдайымды естіген соң, өзі келін-баласымен тұратын үйіне апарып, 2-3 ай тұруыма мүмкіндік берді. Ақыр соңында айлығы 45 мың теңгелік жұмыс тауып беріп, аяғымнан тұруыма көп көмектесті. Өмір жақсы адамдарсыз емес, ол отбасыға айтар алғысым шексіз", — дейді кейіпкеріміз.

Үйінен кеткеніне үш жыл өткен соң, әкесі хабарласып, ағасының түрмеге түскелі жатқанын айтып, көмек сұраған. Әкесінің көз жасын көтере алмаған бойжеткен, көп ақша табу үшін стриптизші болуға бел байлаған.

"19 жасымда стриптизші болуға бардым. Басында go-go биші боласың деген, бірақ стриптизден көп ақша табатынмын. Ол күндер менің өмірімнің ең қорқынышты кезеңі болған. Қыздар арасында бәсеке көп. Жап-жас жігіттен бастап, қартайған шалдарға дейін келеді. Бізге тиісуге болмайды, тек іш киіміміздің беліне ақша қыстырады. Ақшаның 50 пайызы мекемеде қалатындықтан, есепті көбейту үшін біз Moet Chandon немесе Dom Perignon деген 150 мың теңгелік шампандарды сіміріп алатынбыз. Осылайша мен айына 1-1,5 миллион теңге тауып жүрдім", - дейді Аделя.

Тағы оқыңыздар: 30 градус ыстықта автобустың пешін қосып қойған жүргізуші жолаушылардың ашуына тиді

Екі жыл стриптиз билеген қыз, ақшасын жинап үй мен көлік сатып алған. Стриптиз-индустрияда жүрген ол инстаграмда танымал болып, кейіннен басқа кәсіп ашу керектігін түсінеді.

"Мен құрбыма сыйлық іздегенмін, біз екеумізде Louis Vuitton сөмкесін жақсы көретінбіз. Бірақ мен ол үшін 300 мың теңге құртқым келмеді. Осылайша сөмкенің сапалы көшірмесін табу үшін Алматыны шарлап, Қытайға байланысқа шықтым. Instagram парақшамда тапсырыстар қабылдап, үйді-үйге тапсырысты жеткізе бастадым. Уақыт өте келе Adelya Kim дүкенін аштым, кейіннен екінші дүкен ашылды. Қазір Бішкекте тағы бір кілем тігетін компаниям ашылуда. Мен шамам жеткенше ақша табуға тырысып жүрмін", - дейді бизнесмен бикеш.

Материал авторы: Рабиға Дүйсенғұлова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1542704-almatylyq-striptizshi-qyz-qalay-beldi/