Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байдың үйіндегі алтын унитазды көрген астаналық жігіт шалқасынан түсе жаздады

Жарияланған күні:

Астана тұрғыны қымбат коттедждердің бірінен 80 мың долларлық алтын унитазды көріп, жағасын ұстады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Бір күні мені қалталы азаматтың үйіне қонаққа шақырды. Жеке бизнесі бар азамат Астанадағы үлкен коттеджде тұрады екен. Қонақтар жиналғанша, мен үйді аралап, үшінші қабатына шықтым", - деп есіне алды азамат.

Ер адам әжетханаға кіріп, алтын унитазды көргенде өз көзіне сене алмағанын есіне алды.

"Әжетханаға кіргім келіп, есікті ашқанда, есеңгіреп қалдым. Оның қасында біраз уақыт не істерімді білмей тұрдым. Тіпті мұнда дәрет сындырғаным дұрыс бола ма деген ой мазалады. Бәлкім сән үшін тұрған болар деп ойладым.

Алайда ақыры ісімді тындырып, әзіл үшін унитазда отырған күйі селфи жасап аламын ба деген ой келді", - дейді Астана тұрғыны.

Тағы оқыңыздар: Танымал қазақстандық ұры Леха Семипалатинскийді Украинадан қуып жіберді (видео)

Қонақтар жиналғаннан кейін қожайынның өзі алтын унитазымен мақтанып, оларға экскурсия жүргізіпті. Дегенмен онда қонақтарға дәрет сындыруға тыйым салынған екен. Тек қожайынның өзі аталмыш унитазға отыра алады. Коттеджде қонақтарға арналған тағы бір қарапайым әжетхана бар болып шықты.

"Қожайынына мен ештеңе айтпадым. Ренжіп қалып жүрер. Шынымды айтсам, бұл мақтаншақтықты мен түсіне алмадым - жұрт ақшасын қайда жіберерін білмей жүргенге ұқсайды. Бұл унитазда қанша келі алтын барын ойлап көріңіз. Қыруар ақша. Ақылға қонымсыз", - деп күйінді азамат.

Айта кетерлігі, қытайлық кәсіпкерлердің сөзіне сенсек, Қазақстанның байлары олардан алтын унитазды жиі сатып алып жатады екен. Мәселен, 24 караттық таза алтыннан жасалған унитаз Қытайда 80 мың доллар тұрады. Ал Қазақстанда оның бағасы әлдеқайда жоғары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1588983-baydynh-uyinen-80-mynhdyq-altyn-unitazdy/