"Несие алу - анаңмен зина жасағандай күнә" деген шулы уағызға мүфтият жауап берді (видео)
Жарияланған күні:
Ғаламтор желісінде танымал имам Әбдіғаффар Смановтың несие туралы айтқан уағызы тарап кетті. Молданың «кредиттің әрбір пайызы анаңмен жеті рет зина жасаған күнәмен бірдей» деген сөзі жергілікті мұсылман қауымын дүр сілкіндірді деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.
Осыған орай біз Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына арнайы хат жолдап, жалпақ жұртты жинап уағыз айтқан имамның сөзіннің дұрыс немесе бұрыс екенін білген едік.
Діни басқарма пәтуә шығарған жоқ
«Жалпы Әбдіғаффар Сманов діни басқармада имамдар құрамында жұмыс істейді. Бұл кісінің «несиенің әр пайызы анаңмен жеті рет зина жасағанмен күнәмен тең» деген уағызы дұрыс емес. Яғни, құранда жазылмаған, ал жалпы сол мағынада айтылған хадистер болуы мүмкін. Тағы бір айтары несие туралы мүфтияттың шығарған арнайы пәтуасы жоқ. Қазір біз осы мәселені талқылап, дайындау үстіндеміз. Бір сөзбен айтқанда несие, ипотекаға үй алуға болады немесе болмайды деп нақты айта алмаймын. Ислам дінінің басты айырмашылығы сол оның әрбір сөзі заманға сай қолданылатындығы. Яғни, қазіргі өмірде жан бағыс үшін несие алып, оны уақыты төлеуге бола ма осы жайлы жақында шығатын пәтуәда нақты айтылады», - деді ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров.
Тағы оқыңыздар: Шымкенттік ана қазақ тойларында сыңсу айтатындарды сынға алды
Танымал уағызшымен қазір түсіндіру жұмыстары жасалуда
Исламтанушының сөзінше, халық уағызшылардың әңгімесіне емес, мүфтият таратқан ресми ақпаратқа ғана сенуі керек. Ал, Әбдіғаффар Сманов мырзамен еліміздің танымал имамдары қате уағыз айтқаны үшін қазір жұмыс жасап жатыр. Тағы бір айтары, мұсылмандар басқармасы "мешіт ішінде айтылған уағыздарға ғана жауап береміз, ал үйде немес басқа орындарда айтылған сөздің барлығын шариғат заңы" деп қабылдауға болмайды деп түсіндірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1593402-nesie-alu-ananhmen-zina-zhasaghanday-kun/