Мұсылмандар пайғамбар қабірі жанындағы «Жәннат бағында» егіле жылады (фото, видео)
Жарияланған күні:
«Нұрлы Мәдина» мешітінде Мұхаммед пайғамбар жерленген қасиетті орын бар. Пайғамбар қабірінің жанында сахабалары Омар мен Әбубәкір жерленген деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Қажылыққа барған әр мұсылман пайғамбар жатқан мешітке кіріп, оған сәлем беріп, арнайы зиярат жасайды. Адамның көптігінен кез келген адам ол жерге кіре алмауы мүмкін. Оған жету үшін үлкен кезекке тұру керек. Ал, әйел адамдар үшін намаздың үш уақытында есік ашық.
«Пайғамбар заманында мешіт болған орын «Жәннат бағы» деп аталады. Мешіт үлкейтілген кезде ол жерге жасыл кілем жайылып, орны «Жәннат бағы» аталып кеткен. Исламдағы тарихи нақты деректер бойынша ол мешіт пайғамбар түйесі шөккен жерге тұрғызылған.
Тағы оқыңыздар: Қазақстандықтар Конституция күнін тойлауда
Пайғамбар мешітіне барғандар намаз оқып, Алладан жәннатты нәсіп етуді сұрап, дұға жасайды. Сондықтан қажылар әр намазы мың есе сауап болып жазылатын мешітте құлшылық жасауға тырысады. Ол жердегі төсеніштің түсі жасыл, күмбезі гүлдермен өрнектелген.
Басқа жерде төсеніштің барлығы қызыл түсті. Онда барған адамның жан дүниесі рухани шаттанып, пайғамбарымыздың шапағатынан үміт етеді», - дейді Қазақстан қажылар қауымдастығы қоғамдық ұйымының қыздар және әйелдер тәрбие ісі жөніндегі төрайымы Жұмагүл Дүйсемалиева.
Әлемнің әр бұрышынан жиналған қажылар жасыл кілемнің үстінде намаз оқу үшін таласа алға ұмтылып, егіле жылап дұға қылады. Пайғамбардың қабірі қойылған жерге әйел адамдар 25-ші есіктен кірсе, ер адамдар одан кейінгі есіктен кіреді.
Мешіттегі тәртіпті бақылайтын күзетші қыздар әр ұлт өкілдерін топ-тобымен бөліп, есікке бірінші арабтар мен қазақтарды кіргізеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1602547-musylmandar-payghambar-qabiri-zhanynd/