Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тікұшақ пен түйелер: Шымкенттің "зың" тойлары қалай өтеді? (видео, фото)

Жарияланған күні:

Қазақ жұртының той десе ішкен асын жерге қоятыны таңсық жағдай емес. Дегенмен той тойлаудан алдына жан салмайтын Шымкент тұрғындары өзге өңірлерді аста-төк тойларымен таң қалдыруын жалғастыруда. NUR.KZ порталы ел есінде ерекше жатталып қалған шымкенттік тойларды назарларыңызға ұсынады.

Тікұшақтан құралған кортеж

Тойда қымбат көліктен кортеж ұйымдастыру сәннен кеткелі қашан?! Мұны түсінген шымкенттіктер той кортежіне тікұшақ жалдаймын деп жұртты шулатты. "Шымкент-Ташкент" тас жолында тікұшақ бастаған той кортежі талайды таңғалдырған еді.

Түйелерден құралған кортеж

Тікұшақ та сәннен кетті деп санаған өзге шымкенттіктер түйе жалдауға кіріскен. Бұл ерекше қадам да қалың жұртты өзіне қаратқаны анық.

Қайталанбас той көйлегі

Айгерім есімді арудың ұзату тойда киген көйлегі ғаламторды біраз шулатқан болатын. Қымбат әрі қайталанбас көйлек нәзік жандыларды қызықтырып қойған еді. Пікір білдірушілердің бірі қалыңдықтың Шымкент қаласындағы ауқатты кісілердің қызы екенін айтып қалды.

Тағы оқыңыздар: Ішімдікке тойып алған шымкенттік келіншек жеті айлық баласын жоғалтып алды

Салт-аттылардан құралған той кортежі

Той кортежін сәнді етуден қалысқысы келмеген тағы бір қазақтар салт-аттыларды жалдай бастады. Видеоны көргендер оңтүстік жақтың тойында ғана осындай қызықтар болады деп топшылауда. Олар бұл жайт Шымкентте немесе Таразда болды деп болжаған.

Тағы оқыңыздар: 27 жыл ел басқарған Нұрсұлтан Назарбаев не үшін алаңдайтынын айтты (фото)

Жас жұбайларсыз той өткізу

Тойда жас жұбайлар міндетті түрде отыруы тиіс деп санасаңыз, қателесесіз. Себебі, Шымкентте үйлену тойы қалыңдықсыз-ақ өте береді. Жақында шымкенттіктер 500 адам жиналған тойдың басынан аяғына дейін жас жұбайларсыз көңіл көтерді.

Қалыңдық жүктіліктің сегізінші айында болатын. Той алдында қатты қобалжыған ол перзентханадан бір-ақ шыққан. Қалыңдық қыз босанғаннан кейін қуаныш еселене түсіп, тойлату әрмен қарай жалғасты.

Той үстіндегі жаппай төбелес

Шымкенттегі "Аяулым" мейрамханасында орын алған жаппай төбелестің видеосы жұртты шошытқан еді. Төбелес той қонақтарының зәре-құтын қашырған.

Құдаларды арнайы төсекте аунату

"Құда мен құдағиға да арнайы төсек әкеліп, аунататын оңтүстіктің дәстүрі" көпшіліктің таңданысын тудырған. Видеоны көрген жұрт бұл жайтты біресе жақтап, біресе даттап, қызу пікірталасқа түсті. Ал кейбірі мұндай дәстүр расымен де барын жарыса жазды.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1638235-tikushaq-pen-tuyeler-shymkenttinh-zynh/