Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында шахтерлар жер астынан шықпай отырып алды (фото)

Жарияланған күні:

Қарағандыда еңбек шартына қарсы ереуілге шыққан кеншілер саны артып келеді. Осыған дейін жер астына 4 шахта жұмысшысы қамалса, енді Абай аудандық және «Костенко» шахталарының кеншілері қосылды. Тіпті, олардың әйелдері де осы құрамда деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Кеншілер қаласындағы қарсылық акциясы күн өткен сайын өршіп келеді. Тұрғындар қаладағы қарбаласқа қорқынышпен қарайтынын айтып, суреттерін әлеуметтік желілерде бөлісуде. Кеншілердің жиналыстан түсірген видеосы мен басшылыққа қойып отырған талаптары да ғаламтор беттерін жайлады.

Ереуілге ерлерін қолдап қосылған әйелдер Шахтинскідегі Мәдениет сарайының алдына жиналды. Жағдайдың бұдан да ушығып кетуіне алаңдаған полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері қарсылық танытушыларды күндіз-түні күзетуде.

Осының бәріне қарамастан, "АрселорМиталл Теміртау" компаниясы әлі күнге дейін үн-түнсіз. Ал шенеуніктер болса, бүған қатысты жалпыға мәлім ақпарат таратудан аса алмай отыр.

Қарағанды облысының әкімдігі жер астында отырған кеншілер басшылыққа өкіл жібергенін хабарлады. Олар "АрселорМиталл Теміртау" және әкімдік басшылығымен, сондай-ақ "Қорғау" көміршілер кәсіподағының өкілдерімен кездесті.

«Келісу жұмыстары жүргізілуде. 11-желтоқсан күні 19.30 мен 21.30 аралығында кеншілердің отбасымен жолығып, сөйлескенбіз. Оларға істің мән-жайын түсіндіріп жатырмыз», - делінген баспасөз хабарламасында.

Кейінірек "АрселорМиталл Теміртау" АҚ-ның баспасөз қызметі де ереуіл туралы әкімдікке ұқсас пікір білдірді.

«Түнде келісімге келу үшін әр шахта өз өкілдерін жіберді. Онда бізден бөлек, шахта басшылары, Қарағанды облысының және Шахтинск қаласының әкімдігінен өкілдер келді... Жұмысшылардың қойып отырған басты талабы – жалақыны көтеру болып отыр», - дейді компания қызметкері.

Қазір ереуілге шыққан кеншілер саны 1000-ға таяп қалды. Бұл жұмысшылар әрекеті қаладағы 8 шахтаның уақытша тоқтап тұруына себеп болып тұр.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Қазақстанда сүндетке отырғызу тегін болуы мүмкін

Жақып Асанов жаңа қызметке тағайындалуын ең үлкен бақытқа теңеді

Ішкі істер министрлігі игерілмеген ақшаға Қытайдан ұшақ сатып алмақ

Ресей билігі Иманғали Тасмағамбетовті арнайы наградамен марапаттады

Шымкенттік келіншек зейнеткердің мыңдаған долларын автобуста ұрлап кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1703217-qaraghandy-oblysynda-shakhterlar-zher/