"Олар түрмеге баруға дайын": Мыңдаған қыз Бақытбек Есентаевқа тұрмысқа шығуды армандап жүр
Жарияланған күні:
Мыңдаған бойжеткен түрмеде отырған Бақытбек Есентаевқа тұрмысқа шығуға ниет білдірген деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Өзінің Instagram желісіндегі парақшасына болашақ жеңгесінің қандай болғанын қалайтынын жазған Нағима Есентаева ағасына жар болуды қалайтын қыздардың аз еместігін алға тартты. Оларды тіпті Бақытбектің темір тордың ар жағында отырғаны да тоқтата алмайды екен.
"Маған жіберген телефон нөмірлері қаншама. Жауап жазғандардың барлығы 25 пен 30 жас аралығындағы қыздар. Олар 8 жыл күтуге дайын. Бәрі де отбасын құрмаған, балалары жоқ", - дейді Нағима.
Ол қыздардың көпшілігі түрмеге барып, Бақытбекпен некеге тұруға дайын екендерін атап өтті. Алайда, айтуынша, соңғы шешімді қандай жағдай болмасын ағасы қабылдайды екен.
Сондай-ақ Нағима ағасын бір ай бұрын көргенін, келесі кездесу үш айдан кейін екенін айтты. Оның сөзінше, Бақытбек бұрынғы әйелі Баян мен Тұрсынғалидің некелескенінен хабардар көрінеді.
"Бақытбек Баянның тұрмысқа шыққанын біледі. Ол қарсы емес. Тіпті қуанышты. Баянға ашулы да емес. Қыздарымен хабарласып тұрады. Үлкен қызы жақында АҚШ-тан оралады, бірден әкесімен кездесуге бара алатынын айтқанмын", - дейді Нағима Есентаева.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Бақытбек Есентаевтың қарындасы Instagram парақшасында болашақ жеңгесінің қандай болғанын қалайтыны туралы жазған еді.
Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Тағы оқыңыздар:
Заманауи сән үлгісіне сай жаңажылдық макияждың 15 түрі
Толғағы қысқанда билей жөнелген жүкті әйел желіде жұлдыз болды
Ресей билігі Иманғали Тасмағамбетовті арнайы наградамен марапаттады
Метро пойызын айдап әкетпек болған тыр жалаңаш азамат жұртты әбігерге салды
Елімізде кәмелет жасқа толмағандарға ата-анасыз құлшылық етуге тыйым салынды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1703618-olar-turmege-barugha-dayyn-mynhdaghan-qy/