Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір-бірімен жарысып сыра ішкен қазақ қыздары жаға ұстатты (видео)

Опубликовано:

Ішімдік ішуден өзара жарыс ұймдастырған қазақ қыздарының видеосы ғаламтор желісінде тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Бір минуттық бейнажазба youtube желісіне бүгін жүктеліп, артынша жұрттың қызу талқысына түсті.

Алкоголь ішуден жарыс ұйымдастырған қазақ қыздары. Фото: Видеодан үзінді.
Алкоголь ішуден жарыс ұйымдастырған қазақ қыздары. Фото: Видеодан үзінді.: UGC

Оншақты бойжеткен дастархан басына жиналып, бір бөтелке ащы суды жарыса сіміруде. Тіпті, олар бұл әрекеттерін ұялы телефонға түсіп, бірінші біткендерін қошеметтеп жатыр. Желіккен жас қыздардың қай қаланың тұрғындағы екені белгісіз. Десе де, бірін бірі қазақша қошеметтеп, өздері осы істеріне мәз болып жүр. Видеоны тамашалаушылар болса, қазақ қыздарының осындай қылығына күйінетінін айтып, ата-аналарын жауапқа тартуды сұрап жатыр. Ал кейбірі жас қыздардың ісін жай қалжыңға балап, сөкпеуге шақыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1711447-bir-birimen-zarysyp-syra-isken-kazak-kyzdary-zaga-statty-video/

pixel